Өсімдіктердің сырт ортаға бейімделуі және төзімділігі
Өсімдіктердің табиғатта таралуы олардың белгілерінің тұқым қуалауымен байланысты. Олардың осы қасиеттері аммиактың шегарасын және топографиялық жайласуын анықтайды. Мысалы ылғал сүюшілер суға жақын өссе, көлеңке сүюшілер ағаштар астында өседі. Екіншіден сырт ортаның түрлі факторлардың нәсілдікке әсері нәтижесінде түрлі экологиялық қасиеттер пайда болады. Осылардың барлығы өсімдіктердің төзімділігіне алып келеді. Жоғарыдағыларды есепке алып өсімдіктер дүниесі 3 топқа бөлінеді.
- Гигрофиттер
- Мезофиттер
- Ксерофиттер.
Гигрофиттер- бұл топ өсімдіктері өте ылғалды аймақтарда жасауға бейімделген. Бұндай жағдайда устицалы транспирациядан су булануы едәуір жоғары болады. Соның үшін бұл өсімдіктерге тиісті қасиет кутикулалы транспирация. Олар құрғақшылыққа төзе алмайды.
Мезофиттер- бұл топқа ылғалдылық жетерлі жағдайда өсетін өсімдіктер кіреді. Олар құрғақшылық кем аймақтарда шашылып, бірақта оларда құрғақшылыққа төзімділік қасиеті азда болса сақталып қалған.
Ксерофиттер – бұл топ өсімдіктері өздерінің анатомия – морфологиялық құрылысымен, топырақ және ауа құрғақшылығына төзімділік қасиеттерін сақтайды.
Өсімдіктердің төзімділігін зерттеу назариялық жєне практикалық жағынан үлкен маңызға ие.
Ыстыққа төзімділік әдетте өсімдіктерде температура 400 С – тан жоғары болғанда физиологиялық процестер бұзылады. Бірақ кейбір өсімдіктер кактус, алоэ 60-65 0 С-қа төзімді. Мәдени өсімдіктерден мақта, салы, кене күнжіт ыстыққа төзімді есептеледі. Оларды зерттегенде көпшілік өсімдіктер транспирация белсенділігімен жапырақ температурасын сақтайды, басқалары цитоплазманың тұтқырлығы және ақуыз синтезі күшейіп, байланған су есебіне төзімділігі артуы анықталды .
Құрғақшылыққа төзімділік . Бұл өсімдік жасуша ұлпаларда сусыздануға байланысты . Сусыздану нәтижесінде белок синтезі бұзылады. Полисома рибосомалар субқосылыстарға ыдырайды. Зат алмасуы төмендейді, өсуден тоқтайды. Құрғақшылық өсімдіктердің суға болған талабын қандыра алмайтын метереологиялық жағдай. Ол атмосфера және топырақ құрғақшылығына бөлінеді. Олардың негізгі себебі жауынгершілік кем болып, транспирация және топырақ беткі қабаты суының булануы, күшті жел болуы. Атмосфера құрғақшылығы құрғақ және ыстық ауаның әсерінде болады. Топырақ құрғақшылығы топырақтың ылғалдығы сырт орта әсерінде құрғап жер асты суының төмендеп кетуінен болады.
Өсімдіктерде құрғақшылық биосинтетикалық құбылыстарды бұзады. Ақуыздар ыдырауы күшейеді. Органикалық зат қоры бірден күшейеді. Өсімдік өсуі тоқтайды. Жапырақта крахмал жойыла барады, нәтижеде қурай бастайды. Құрғақшылыққа төзімділікті асыруда көптеген жұмыстар алып барылып жатыр. П.А. Генкел өніп жатқан тұқымды құрғату жолымен төзімділігін арттырған. Ол практикада әлі күнге дейін қолданылып келеді. Сонымен бірге химиялық жолмен құрғақшылыққа төзімділік асырылып келеді. Мәселен 0,25 пайызда CaCl2 тұзында тұқымдар 18-20 сағат малынып кейін егілгенде жақсы нәтижелер алуға болады.
Құрғақшылық жағдайында өсетін өсімдіктер ксерофиттер. Олар топырақ атмосфера құрғақшылығында өсе алатын қасиетке ие. Олардың белгілі қасиеттерінің бірі жер үсті бөлімдері жер асты мүшелерінен өте кіші болуы, сол себепті транспирациялаушы көлем кем болады.
Геккель ксерофиттер класификациясын төмендегідей бөледі.
- Суккуленттер – ыстыққа төзімді сусыздануды еркін көтереді, су тапшылығын сезбейді, денесінде су көп бірақ суды үнемдеп жұмсайды. Кактус, алоэ, молодило.
- Эуксерофиттер – ыстыққа төзімді өсімдік, құрғақшылыққа төзімді. Оларға жантақ, жусан, астра тәрізді өсімдіктер. Оларда жасуша шырыны осмотикалық қысымы жоғары транспирация төмен, тамыры кең таралған жапырақтарын төгіп тастайды.
3.Гемиоксерофиттер – сусыздану және ыстыққа төзімсіз өсімдіктер. Транспирациясы жоғары, протоплазма тұтқырлығы және эластиктігі жоғары емес. Тамыры терең оларға шалфей кіреді.
- Степаксерофиттер – ковыл (селеу) және масақты өсімдіктер. Қысқа маусымдық жаңбырдан пайдаланады, ыстыққа төзімді. Қысқа уақыт топырақ құрғақшылығына төзімді.
- Пайкилоксерофиттер – өздерінде су режимін басқара алмайды. Оларға милаиниктер кіреді. Олар қурайды да жаңбырдан кейін және белсенді өмір кешіреді.
Суыққа төзімділік. Бұл өсімдіктердің ұзақ уақыт төмен температураға шыдамдылығы ( 1-0-10) бұларға арпа, сұлы, виканы мысалға алсақ болады. Тропикалық өсімдіктер тез залалданып өледі. Бұл қасиеттер өсімдіктер цитоплазмаларындағы құрылысы , зат алмасу процестеріне байланысты болады. Суыққа төзімділікті асыруда калилі тыңайтқыштар ауаның ылғалдығы, жарықтық үлкен маңызға ие болады. Өніп шыққан тұқымды 00 -5 0 -қа дейін 12 сағат ұстап қалған уақытта 150-200-та 1 ай аралықта ұстау суыққа төзімділікті асыруы тәжірибеде дәлелденген . Суыққа өте төзімділік 00-тан төмен температурада ұзақ уақыт шыдамдылық көбінесе бұл жағдайға 1 – жылдық өсімдіктер тұқымы, көп жылдық өсімдіктер түйнегі, пиязы жеміс тамырлар және қардың қалың жауып өсімдіктердің қар астында қалуын мысалға алсақ болады.
Күзгі өсімдіктерде және ағаштарда төмен температурада ұлпалар тоңып қалады, бірақ олар өлмейді. Төмен температура цитоплазмада коопуляция пайда етеді. Нәтижеде ұлпалар өліміне алып келеді.
Жасушалар аралықтарында кристал мұз пайда болса, жасуша тірі қалады. Картоп түйнектері тез өліп кетсе, капуста және пияз сондай-ақ масақты өсімдіктер 150-20 0–қа дейін шыдамайды. Ине жапырақты өсімдіктерде суыққа төзімді болады. Себебі олардың құрамында қант мөлшері көп болады. Оның суыққа төзімділігінің маңызы үлкен. Внитрификация бұл судың төмен температурада шиша күйіне өтуі. Бұл өсімдіктерде 200– тан төменде пайда болады. Бұл аморф шиша тәрізді зат жай ерігенде жасушаларда сақтап қалады.
Карезон кактусы | Кактустың кішкене белігін таза пышақпен кесіп ал да, оны жараның бетіне салып, қатты қысып тұрыңыз. |
Кактус | Кактус (Cactaceae) – қос жарнақты көп жылдық, шырын сабақты шөптесін өсімдік; әдетте, жуан, етженді, шырынды сабақтары тікенекті, түкті, қылтанақты болады. Кактустың бұта, ағаш, лиана тәріздес түрлері де кездеседі. |
Адамның табиғатқа әсері | Кейде өсімдіктер мен жануарларды бір жерден екінші жерге алдын ала ойланбай жерсіндіру де пайдалы бола бермейді. Мысалы, Аустралия жерінде жабайы қояндардың көбейіп кетуі, кактустың қаптап өсуі ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіруде. |
Фудзи-Хаконе-Идзу ұлттық саябағы | Ыстық бұлақтар, қатқан лавалардан пайда болған жартастар мен каскадтар бұл өлкедегі геотермальды белсенділікке дәлел болады. Идзу түбегінің жанында 7 белсенді жанартаутекті аралдар орналасқан. Адамдар мұнда кактустың 2500-ден астам түрлерін алып келген, олар саябақтың арнайы бөлінген жерінде өсіріледі. Саябақты, сондай-ақ құстардың көптеген түрлері мен жапон кеміргіші — сони мекендейді. |
Көкөністер, жеміс-жидектер және бөлме өсімдіктері | Бөлме өсімдігі кактустың жапырақтары түгелдей тікенекке айналған. Бұл оның қоршаған орта жағдайына бейімделу айғағы. Лимон, апельсин, мандарин, пальма, қырықжапырақтарды (папоротник) бөлмеле өсіруге болады. Демек бөлме өсімдіктерінің ішінде шөптекті, бұта, шала бұта қалпында өсетін өсімдік түрлері бар. Бөлме өсімдіктері негізінен алғанда жас өркендерінен (қаламша) көбірек көбейтіледі. |
Чиуауа шөлі | Чиуауа шөліндегі бұталар — осы аймақтағы ең аласа өсімдіктер. Бұл жерден қарапайым ағаштың түрлерін кездестіруге болады. Оларға Понде-роза қарағайы, дуглас шыршасы, қалтырауын және жылауық арша, Аризона кипарисы және еменнің бірнеше түрлері. Басқа аймақтарға қарағанда Чиуауа шөлінде кактустың сан алуан түрлері кездеседі. Бұл жерде өсетін кактустерге кенді алмұрттар, кірпілер, тірі жартастар, емізік кактусы және корис жатады. |
Чихуахуан шөлі | Чихуахуан шөлі – Cолтүстік Америкадағы ең үлкен бұталы шөл дала. Чихуахуан шөл даласы солтүстік жаңа Мексикадағы Рио Гранде жазығы мен оңтүстік-шығыс Аризонаның Сан Симон жазығынан басталып, Мексика қаласының солтүстік аймағына дейін созылып жатыр. Шөл дала жері көбінесе бірнеше кіші тау қатарларымен бөлінген алаптардан тұрады. Қысы суық, ал жазы құрғақ. Мамыр мен шілде айлары – Чихуахуан шөл даласындағы жылдың ең ыстық мерзімі саналады. Чихуахуан шөл даласындағы бұталар – аймақтағы ең төменгі тіршілік иесі. Қарапайым ағаштың түрлері осы жерден табылуда. Оларға мыналар жатады: Пондероза қарағайы, дуглас шыршасы, қалтырауын және жылауық арша, аризона кипарисы және еменнің бірнеше түрлері. Басқа аймақтарға қарағанда Чихуахуан шөл даласында |
Чарльз Дарвиннің эволюциялық теориясы | Галапагос аралдары Оңтүстік Американың батыс жағалауларынан 700 км қашықтықта жатқандықтан құстардың түрлерінің 85%-ы аралдан басқа жерде кездеспейді. Ч.Дарвин Галапагос аралдарындағы таушымшықтар Оңтүстік Америкада көрген таушымшықтарына сәл ұқсағанымен түрлерінің бір-бірінен айырмашылықтары бар екенін байқаған. Ч.Дарвинді таңғалтқан да осы белгілер болды. Аралда үш апта болып, таушымшықтардың негізгі өзгеріске ұшырағаны тұмсықтары екеніне көз жеткізді. Тұмсықтарының өзгеріске ұшырау себептері қорек ерекшеліктеріне байланысты деген тұжырымға келді. Шыққан тегі бір болғанымен қоректің түріне байланысты тұмсықтарының өзгеруін мына мысалдан білуге болады. Мысалы, егер тұмсығы жуан болса – қатты тұқыммен, жіңішке ұзын болса – жеміс- жидектермен, біз тәрізді үшкір болса – жәндіктермен және гүл шірнесімен қоректенгендіктен өзгерген. Осылардың ішінде тоқылдақ сияқты ағаш қабығынан жәндіктерді шығарып алу үшін кактустың тікенімен шоқып алатын ағаш таушымшығы кездескен. Мұндай өзгерістен алшақтаудың ( оқшаулану ) түрлердің дамуына тигізетін әсері екендігін білуге болады. |
Қант диабеті | Диабетпен ауыратын толық адамдар алдымен артық салмақтан арылуы керек. Диабетшілер қант, кәмпит және басқа да тәтті тағамдарды ішпеулері қажет. Олардың ірі ұнтақты ұннан пісірілген нан, сондай-ақ крахмал қоспалы асбұршақ күріш, картоп және басқа да құрамында ақуыз бар тағамдармен тамақтанғаны жөн болады. Диабет ауруымен зардап шегетін ересек адамдардың алмұрт тектес тікенекті кактустың (нопал, опантиа) сөлін ішкені дұрыс. Бұл үшін кактусты ұсақтап турап, езіп, сөлін сығып алып, күніге тамақ алдында үш рет 1,5 кеседен қабылдау қажет. Тіс қызыл етін, таңдай қуысын инфекциядан сақтау үшін тісті тамақтан соң жуып тазалаған дұрыс болады. Аяқты дәйім таза ұстау қажет, жаралап, қажатып алмас үшін өзіңізге ыңғайлы да шақ аяқ киім кигеніңіз жөн. Аяқ қан тамырлары қызметін жақсартып, қан айналысын ретке келтіру үшін (аяқта қара дақтар болып, немесе ұйыған жағдайда) демалған кезде аяқты жоғары көтеріп қойып жату керек. Аяқ көктамырлары кеңейгенде (варикозное расширение вен) де осы ақыл-кеңеске ден қойған абзал. |
Макроэволюция | Аса көрнекті француз зоологы Ж.Кювье әр типтегі жануарлардың өзара ұқсастығын тапты. Мысалы, барлық омыртқалыларға екі жақты симметриялық, дене қуысы, бассүйекке жалғасқан омыртқа жотасы, бес бөліктен тұратын миы мен жұлыны, аяқ- қол сүйектері, ішкі мүшелер жүйесінің құрылысы мен орналасуы, т.б. көптеген ұқсастықтар, олардың бір ата тектен шыққандығын көрсетеді. Әйгілі ғалым Э.Жофруа Сент-Илер қазіргі жануарлармен қазба формаларының құрылысындағы айырмашылықтың болуы ішкі және сыртқы табиғи себептерге байланысты ағзалардың өзгерістерге ұшырауынан деп түсіндірді. Барлық жабық тұқымды өсімдіктердің гүлдерінде тостағанша мен күлтежапырақшаларының және аталығы мен аналығының болуы — олардың генетикалық жақындығының айғағы. Сондай-ақ өсімдіктерде байқалатын Мысалы, екпе бұршақтың мұрттары, сары ағаштың қылтандары, |
Оқушылардың жүйке жүйесінің қасиеттерін анықтау
Оқушылардың жүйке жүйесінің қасиеттерін анықтау
«Кактус» әдістемесі
Мақсаты: Жеке өзінің ерекшеліктерін жағымды және жағымсыз мінез – құлық бітістерін тану
Қажетті құралдар:таза парақ20*3,жәй қалам, түрлі түсті қаламдар,өшіргіш.
Нұсқауы: “Алдыңыздағы таза параққа өз ойыңыздағы кактустың бейнесін салыңыз”
Әдістеменің нәтижесін өңдеу:
Егерде кактус парақтың бетінде -ірі, үлкен ортада болып салынса
Егер кактус парақтың жоғары жағында салынса
Егерде кактус парақтың төмен жағында кішкентай болып салынса
Кактустың инелерінің көптігі
Инелер үшкір,ұзын,жиі болып салынса
Инелері майда,сирек орналасса
Кактустың контуры бір үзілмейтін сызықпен салынған болса
Кактустың контуры жиі үзілген сызықпен,болмаса штрих ретінде салынса
Сызықтары ирек(кактустың ішінде)
Жалғыз кактус
Кактустың айналасындағы кактустар
Ашық түстерді қолданса
Қара,қоңыр түстерді қолданса немесе штрихталса
Кактусты әшекейлесе,гүл салса
Кктсты ыдысқа салу
Шөлдегі немесе ыдыссыз салынған кактус
1.Адам өз-өзіне доминант,ортада болғанды ұнатады,өз-өзіне бағасы өте жоғары, көсем болуға талпынады, барлық жерде бірінші болуды мақсат етеді .
2. Өзін-өзі жоғары бағалайды, өзіне көңіл аударғанды жақсы көреді.
3. Өзіне-өзі төмен бағалайды,өзіне сенімсіз
Агресияның белгісі
Агрессияның басымдылығы
Өз бойындағы агрессияны қолға ұстай алады,шыдамды
Коммуникативтік қасиеттері жақсы дамыған адам,мейірімді,ақкөңіл
Ашуланшақ адамның белгісі
Интроверт,тұйық сақ адам
Экстроверт,коп көңілді тек өзіне, өз мәселлерін біледі
Демонстрант,ашық,ұйымшыл,досы көп
Оптимист,өмірде не болса да,жақсылыққа жориды
Үрей мен қорқыныштың белгісі
Нәзік, сезімтал
Жанұядағы қамқорлыққа ұмтылу,жақсы үйдегі психологиялық ахуал
Жалғыздықты сезіну немесе ұмтылу,жанұядағы нашар психологиялық ахуал
Зерттеуші зерттелуші адамға суретке байланысты қосымша сұрақтар қою керек.
Сұрақтар:
1.Бұл кактус жабайы ма?
2.Инелері қолға қатты бата ма,ұстауға бола ма?
3.Кактус баптағанды,қамқорлықты ұната ма?
4.Кактус жалғыз өсе ме? Жоқ па?
Кактус өскенде қалай өзгереді?
Жауаптар:
1.Жауабына байланысты жанұя қамқорлығына ұмтылуы байқалады.
2. Агрессия деңгейі
3. Өзіне назар аударудың деңгейі
4. Ұйымшылдық деңгейі
Мінез-құлқының өзгеру бағыты
“Әлемде жоқ жануар” әдістемесі
1.Қанат- батылдықтың белгісі.
2. Құйрық-өзі шешім қабылдай алады,ойын қорыта алады.
3. Құйрық жоғары карап тұрса,өз-өзімен жүретіндер.
4. Құйрық төмен қарап тұрса-өзінің істеріне қанағаттана алмайды.Көп талшықтан тұрса- өз сөзіне және қылығына қызығады,ұнайды.
5.Сызығының сызылуына байланысты. Мысалы:үшкір бұрыштары –
агрессивті адам болғаны.
6.Сызықты бұлғап алу-сіздің қорғаушыңыз қолайсыз деп қорқасыз.
7.Сіз неден қорқаыз және неден жасырынғыңыз келеді-оны суретті қара бояумен бояғанынан көруге болады.
8.Жоғарғы контур –сіз үлкен адамдардан,дәрежесі үлкен адамдардан қорқасыз.
9.Төменгі контур-сіз өзіңіздің жұмысшыларыңыздың,бағынушыларыңыздың алдында “беделді” емессіз.
10.Жануардың ішкі жақтарын сәндесе –ол әрдайым жағымсыз жағдайларды күтіп жүресіз және өзіңізді қорғауға дайынсыз.Оң жаққа салынған контур- сіз әрдайым өмірге реалды қарайсыз. Сол жақ контур-сіз өзіңіздің ойыңызды қорытуға тырысасыз.
11.Орташа энергиясы қалың болып сызылса-қалың болып сызылса,уайымшыл адам болғаны,жіңішке болып сызылса –оташа энергиясының жетіспеушілігін көрсетеді.
12.Мүйіз- агрессивті адам.
13. Түрлі шаш қойылымдары қарама –қарсы жыныстағы адамдарға қызығушылықты білдіреді.
14.Аяқ үлкен болса –қолайлы өз ісіне жауапты.Табаны кіші болса
сіз белгілі бір шешім қабылдау кезінде ырымшылсыз.
15. Егер екі аяғы да бір-біріне ұқсап,бір жаққа бұрылып тұрса,сіз бәрі сияқты ойлаумен әрекет етуге дағдыланасыз.
16.Суретті сәндеу үшін салынған бантиктер,шашының бұйралары т.б-сіз өзіңізді әдемі етіп көрсеткенді ұнатасыз.
Көп аяқтар,қолдар,мұртшалар слынса,бұларға тек бір мамандық иесі болу аз,сіз көп жұмыспен айналыса аласыз.
Егер сурет парақтың жоғарғы жағына қарай салынса-ол адамның өзін -өзі бағалауы жоғары болғаны.Егер сурет төмен салынса-сіз өзіңізге сенімсізсіз,өз-өзіңізді төмен бағалайсыз,мәселені шеше алмайсыз.
Барлық суреттер ішінен басының үлкендігі жағынан ең үлкен бас болса- сіздің отаңыз кең,ойлау қабілетіңіз парасатты.
Парақтың сол жағы қарама-қарсы эмоциялармен жәнепассивтілікпен байланыты . Парақтың оң жағы уайыммен активті іс-әркетпен байланысты. Бұл әсіресе жануардың басының бұрылысынан байқалады.
Егер оның түрі қауіпті болса,тістері ырсиып,тырнағын шығарып тұрса,онда сіз өз мақсатыңызға жетуді бірінші орынға қойып,агрессия көрсету арқылы өзіңізбен қатар тұрған адамның керекті нәрсенә тартып аласыз.
Жылан салсаң (тілін шығарып) өтірікушілдік,қулық.
Арыстан салса- агрессивті ,өзін бастық етіп көрсету,өз айтқанын болғызу.
Мысық,ит,тиін-көп жағдайладан жеңіліп жүретін,ұтылытын адамдар.
Құс және жәндікетер бәріне көнгіш,жағдайға тез үйренп кететін адам.
Адамды салса немесе жануарға адам киімін кигізіп қойса-сіз балалық шақтан жасыңыздың,ойыңыздың өтіп кеткендігін білдіреді.
Сіз өзге балалардан қалай ерекшеленесіз?
(“Адам салу” тесті)Ф.Гудифактың тестіне негізделіп,1946ж К:Маховер жасаған.
Әдістеменің мақсаты:Баланың жеке дара ерекшеліктерін анықтау.
Нұсқау: “Өзіңе ұнайтын адамның суретін сал”.
Егер бала салғысы келмесе ,оны қызықтыру қажет.Қойылған барлық сұрақтарға жанама түрде жауап беру қажет.Мысалы:”сен бастасаң”әрі қарай тез салынатын болады.
1.Кім бейнеленен.
2.Автордың сөзі бойынша ол дәл қазір не істеп жатыр.
3. Фигураның пропорционадығы және бөлек бөлшектердің орналасу ерекшеліктері беріледі
4. Бояулы және көркемделуі.
5.Қосымша жабдықтар болуы.
6.Сызықтың сапасы
Нәтижені өңдеу.Бас.Интеллектуалдқ сферасының символы.Егер маңдай болмаса ,онда бала сапалы түрде ақыл-ой сферасын жоққа шығарады. Бас пен дененіңпрапорциясы баланың физикалық және рухани қатынастар арасын көрсетеді.Бастың үстіндегі бейнеленен зат,мысалы:шляпа сыртқы әлемнің әсерінен қорғануды білдіреді.Бет-әлпет қарым-қатынас бейнесі.Қарым-қатынаста қиыншылықтары бар бала бет әлпетті нақты салмайды немесе оны ең соңында салады. Егер бала беттің барлық бөліктерін дұрыс салынса,онда бала өз-өзіне қатты қызығады әдемі көз,ұзын кірпік-эстетеиканың басымдылығын,ал қыздарда жыныстық сәйкестікті көрсетеді.Құлақ-егер олар бар болса онда қабылдаудың ашықтығын немесе қоршаған ортаға байланысты сақтықты көретеді.Көз –егер көз үлкен және қарашықтары бояулы немесе қарашықсыз,бірақ штрихталған болса,онда ол қорқыныштың немесе алаңдаушылықтың белгісі. Ауыз- егер ол ашық болса онда ол агрессияның немесе агрессивті мінездің вербальді бөлінділігін көрсетеді.Тістің бейнеленуі ол да агрессия болып саналады. Ерін- жыныстық жетілуді көрсетеді,қыздадың суретіндегі толық ерін жыныстық сәйкестікті көрсетеді.Мұрын- бөлек өңделмейді. Беттегі кейбір бөліктердің жоқтығы интеллектуалдық жетіспеушіліктің деңгейін көрсетеді. Мойын -өзінің ішкі сырларын қалыпта ұстау.Ұзын-мойын әуесқойлылықты көрсетеді. Қол–белсенділікпен қарым-қатынасты бейнелейді.Қолдардың жан-жаққа салынуы қарым—қатынасқа тез түсетіндігін білдіреді. Қолдарды қалтаға салып қою немесе арында көрсетпей ұстау –қарым-қатынасқа тез түсе алмайды, тұйық қанағатсыздық бар. Егер саусақтар жақсы нақты салынса басқаруға және жаңа құрылымдарға қабілетті.Тырнақтары бар ұзын саусақтар және жұдырықтың салынуы –агрессияның белгілері. Қолсыз алынған дене енжарлықты білдіреді. Аяқ- тәжірибелік бағдарлауға бағытталған тіректің тұрақтылықтың белгісі.
Бейімделу — Уикипедия
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бейімделу (лат. adapto) техникалық жүйенің сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты ол туралы ақпарат жинау және оны пайдалану арқылы өз қалып-күйлерін (жұмыс істеу алгоритмін, параметрін, құрылымын) өзгертуі[1]; ағзалардың тарихи даму кезеңіндегі тіршілік ортасына бейімделуі.[2]
Бейімделу — организмдердің әрбір түрге тән белгілі шектері бар ортаның жағдайына бейімделу үдерісі.Түз жануарларының ашық әрі құрғақ кеңістікті ортадағы тіршілікке эволюциялық бейімделуі тез жүгіруге, құрғақшылық жағдайына, т.б. бейімделуі; Қиыр Солтүстікке және басқа да экстремалды аймақтарға тұрақты қоныстану үшін көшіп барған адамның физиологиялық немесе онтогенетикалык бейімделуі («әдеттенуі»). Бір ұрпақтың жеке физиологиялық бейімделуі фенотиптік бейімделу деп аталады да, бұл ұрпақтан урпаққа көше отырып генотиптік бейімделуге өтеді, ал сұрыпталу барысында — эволюциялық бейімделуге ауысады. Генотиптік және эволюциялық бейімделумен салыстырғанда физиологиялық бейімделу толық жетілмеген. Организмнің бастапқы жағдайға оралуы қайта бейімделу , деп аталады; ортаның өзгерістегі жағдайына ыңғайлануды дизадаптация дейді. Сонымен бірге жаңа әлеуметтік ортаға, мысалы, ауылдан қалаға келген мигранттардың бейімделуі — адамның әлеуметтік бейімделуі жеке қарастырылады.[3][4]
Бейімделу[5]
- кез келген әлеуметтік жүйелердің (мысалы, отбасы тобы, іскерлік фирмасы, ұлттық мемлекет) өзінің тіршілік ету ортасына жауап беруі немесе, оны «басқаруы»;
- тұлғаның немесе әлеуметтік топтың қоғамдық ортаға икемделуі үрдісі, мұның нәтижесінде осы үрдіске қатысушы субъектілердің талаптары мен күтулері сәйкестендіріледі.
Дереккөздер[өңдеу]
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. — 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
- ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. — 569 б. ISBN 9965-808-89-9
👉 Адам бейімделуі — бейімдеу тұжырымдамасы, түрлері және факторлары
Бейімделу ағзаның әлемдегі жағдайлар мен жағдайларға бейімделуі. Адамның бейімделуі оның генетикалық, физиологиялық, мінез-құлқы мен жеке қасиеттері арқылы жүзеге асырылады. Бейімделу кезінде адамның мінез-құлқының сыртқы ортаға қатысты параметрлері реттеледі.
Адам бейімдеу Ол сондай-ақ қоршаған ортаға және оның тұрғындары үшін де бейімдеу тырысады басқа жеке тұлғалардың бейімделе, қарым-қатынас «адам-қоршаған орта», үйлесімділікке жету үшін экологиялық жағдайлары бар бір мезгілде тепе-қол тиіс фактісі табылған ерекшеліктері.
Бейімделу тұжырымдамасы. Бейімделу феноменін талдаудың екі тәсілі бар. Бірінші көзқарас бойынша, бейімдеу – денені тірі өзін-өзі реттейтін мүліктік, экологиялық жағдай оған әсерінен дәйекті өнімділікті қамтамасыз етеді, бейімделу дамыған қабілеттеріне қол жеткізілетін.
Екінші тәсілдің арқасында бейімделу – бұл адамның қоршаған ортаға бейімделу үдерісі.
Адам биосационарлық жүйе болғандықтан, бейімделу мәселесі үш деңгейге: физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік деңгейде талдануға тиіс.Барлық үш деңгей өзара байланысқа ие, бір-біріне әсер етеді, дене жүйелерінің жалпы жұмыс істеуінің ажырамас сипатын қалыптастырады. Бұл интегралдық сипат динамикалық қалыптасу ретінде көрінеді және ағзаның функционалдық жағдайы ретінде анықталады. «Функционалды күй» терминінсіз бейімделу феноменін айту мүмкін емес.
Табысқа жетудің кедергісі жоқ жағдайлардағы бейімделу конструктивті механизмдер арқылы жүзеге асырылады. Бұл механизмдер когнитивті процестерді, мақсатты белгілеуді, конформды мінез-құлықты қамтиды. Жағдай проблемалық және сыртқы және ішкі тосқауылдармен қаныққан кезде, бейімделу үрдісі адамның қорғау механизмдері арқылы жүзеге асырылады. Сындарлы тетіктердің арқасында адам әлеуметтік жағдайдағы өзгерістерге жағдайды бағалауға мүмкіндік береді, жағдайды бағалауға, талдау жасауға, синтездеуге және болжамды оқиғаларға болжам жасауға мүмкіндік береді.
Адам бейімделуінің мұндай механизмдері бөлінді: әлеуметтік интеллект – күрделі қарым-қатынастарды көре білу,әлеуметтік орта объектілері арасындағы қарым-қатынас; әлеуметтік қиял – тәжірибені түсіну, тағдырдың ақыл-ойын айқындау, өзіңізді, өзіңіздің ресурстарыңызды және мүмкіндіктеріңізді түсіну, қоғамның қазіргі сатысында тұру; сананың шынайы ұмтылысы.
Жеке тұлғаның бейімделуі қорқынышты азайтатын, «I-тұжырымдамасының» бірлігін қамтамасыз ететін және өзін-өзі бағалаудың тұрақтылығын қамтамасыз ететін қорғаушы механизмдердің жүйесінен тұрады, әлем туралы идеялар мен жеке адам туралы бір-біріне сәйкес келеді.
Мұндай психологиялық қорғаныс механизмдері бар: немқұрайдылық – қажетсіз ақпаратты немесе жарақаттық эпизодты елемеу; Регрессия – мінез-құлықтың адамдық нәресте стратегиясының көрінісі; реакцияның қалыптасуы – иррационалдық импульстардың өзгеруі, керісінше эмоционалдық жағдайлары; репрессия – жадтан және ауыр естеліктерден «өшіру»; подавление – бұл дерлік сол репрессия, бірақ саналы.
Жоғарыда сипатталған жеке тұлғаның бейімделуіндегі негізгі қорғану механизмдері әлі де қосымша болып табылады, олар кемелді деп саналады: проекция – бұл қасиеттерді, әрекеттерді,адамға тән, бірақ ол оларды түсінбейді; сәйкестендіру – өзіңіздің қасиеттеріңізді айқындай отырып, өзіңізді нақты немесе беймәлім сипатпен анықтау; рационализация – оқиғаны түсіндіруге ниет білдіре отырып, оқиғаларды жеке адамға әсер етуді азайту үшін түсіндіру; сублимация – инстинктивтік энергияны мінез-құлық пен қызметтің әлеуметтік қолайлы нысандарына айналдыру; юмор – психологиялық стрессті төмендетуге, әзіл-оспақ өрнектерін немесе әңгімелерді қолдануға ұмтылу.
Психологияда бейімделу кедергі тұжырымдамасы бар, яғни сыртқы ортадағы параметрлердің шекарасы, одан басқа, адамның бейімделуі бұдан былай сәйкес болмайды. Адаптивті тосқауылдың қасиеттері жеке көрсетіледі. Оларға қоршаған ортадағы биологиялық факторлар, адамның конституциялық түрі, әлеуметтік факторлар, адамның бейімделу қабілеттілігін анықтайтын жеке психологиялық факторлар
Кактустың пайдасы » TopReferat.com.kz Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық, презентация
Кактустың пайдасы
Кактустың пайдасы
0
Раздел: Биология | Автор: Админ | Дата: 26-09-2015, 02:00Загрузок: 1834
Жер шарында кактустың 3000 түрлері бар. Гели-антореус пасакан кактусының бұтақтарынан жиһаз, терезе жақтауларын, есік жасайды, үйдің төбесін жабуға пайдаланады. Көп цереустерді тірі қоршаулар ретінде өсіреді, ал феро-кактустың ұзын және иілгіш бұтақтарынан әдемі сувенирлер жасайды. Пахицериустың тікенекті жемістерінен тарақтар, щеткалар жасайды. Кейбір кактустардың бұтақтарынан, жемістерінен, тамырларынан кондитер өнімдерін мармелад, кәмпит дайындауға пайдаланады. Сөлін тәттілерді түрлі-түске бояуда пайдаланады.
Ертеректегі перу шеберлері қыш құмыраларын кактус сөлімен толтыратын болған. Кейін құмыралардың бояуы жақсы сақталынатын болған. Кактустың бұтақтарын емге пайдаланған. Опунцияның қышқыл-тәтті жемістерін атстектер тағам ретінде пайдаланған. Кейінірек еуропалықтар «тікенекті алмұрт» деп атаған. Опунцияның тікенекті жемісін аршып, кептіріп, қайнатып пайдаланатын болған.
Эхиноцереустерді, пилосоцереустерді де мармелад пен кәмпит жасауда пайдаланған. Аргентина халқы ачаканның дәмді тамырларынан картопқа ұқсас тағамдар дайындаған. Кактустың кейбір қатты түрінен тіс шұқығыштар, балық аулайтын қармақтар жасауда пайдаланады. Махроцеустың бұтақтары құрамында алкалоидты мескалин және аголонин бар. Колумбиялықтар оларды сиқырлы рәсімдерде пайдалананған. Столб тәрізді кактустардың ұзындығы бірнеше метрге жетеді, сондықтан оларды үйлердің төбесін жабуға пайдаланған. Боливия үндістері эхиноцереустердің жемістерін тамақ ретінде кептіріп мейіз, қайнатып джем, ұсақтап кесіп қантқа салып тәтті түрінде пайдаланған, ал Апачилер карнегидің жемістерін ашытып ішімдік дайындаған. Опунциді үнді смоквасы деп атаған. Опунцияның тікенектерден тазартылған жемістірін кептіріп, қайнатып тамақ ретінде, ал шырынын вино, сироп, желе ретінде пайдаланған.
Жапырақты кактус болады ма?
Үндістанда кездесетін лимон лазасы деп аталатын жапырақты кактус бар.
«Биология» мамандығы үшін Құрастырғандар
ч. 1 … ч. 3 ч. 4 ч. 5 ч. 6Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.
4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.
5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.
6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.
7. Киреев М.Ф. «Советы цветоводам». Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984.
Лекция № 14. Кактустар және суккуленті бөлме өсімдіктері
Дәрістің мақсаты:Кактустар мен суккулентті бөлме өсімдіктері туралы мағлұмат алу.
Дәріс мазмұны:
Кактустың 3500-ге жуық түрлері бар.Олар негізіне экватор бойындағы (Оңтүстік және Солтүстік Америкада) шөлді құмдарда,тасты жолдарда,биік құздардың,жартастардың жарықтарында,құнарсыз әк тастары бар топырақтарда өседі.
Орталық Америкада жауын-шашы тым аз болады. Бұл жерде құрғақ ауалы мерзім тамыздан (кейде мамыр айынан) қазанға дейін созылады.Қазаннан мамыр айына дейін жауған жауын-шашынның жалпы мөлшері жылына 200-250 мл-ден аспайды.Кейбір қуаншылық жылдары жауын-шашы тек қана 100 мл болады.
Кактус өсімдіктері тек құмды,тасты жерлерде ғана емес,сонымен бірге Бразилия, Колумбия, Перу, Боливия сияқты елдердің мәңгі жасыл тропика ормандарында да кездеседі.
Оның осы жерлерде,ағаштың бұтақтарында,жартастардың күн жақ ашық жерлерінде өсетін түрлерін ботаника тілінде эпифитті кактустар деп атайды.
Кактустар әдемі гүлді өсімдіктер қатарына жатады.Гүлдерінің көз тартарлықтай әдемілігін ескермегенде де,оның алуан түрлі сүйкімді (ваниль, алма, магнолия,жидек т.б) иістері болады.Бұл ғажап иістер кактустың тікен басқан сыртқы көрінісімен үйлесе қоймайды.Жергілікті халық кактустердің жемісін пайдаланады.Оның үлкендігі бұршақтай және тауықтың жұмыртқасындай жемістерін шикідей де, пісіріп те, кептірген күйде де жей береді.Олардың кейбіреулерінен, яғни опунцияның балғын сабағынан салат жасайды.Селиницереустерден жүрек ауруларына қарсы дәрі әзірлейді.
Кактустердің осындай қасиетіне және күтімді көп керек етпейтініне байланысты көптеген жерлерде өсіреді.
Кактустердің жуан да етті сабақтары алуан түрлі болады.Олардың ішінен биіктігі бірнеше сантиметрден,бір жарым метрге жететін бағана, шар тәрізді түрлерін, немесе бұтақталған бұтақты түрлерін кездестіруге болады.Ал цереустың кейбір түрлерінің биіктігі 25 метрге жетеді.Олар тегіс те, қырлы да, бұрышты да, шұқырлы да бола береді.Кактус сабағының жапыраққа ұқсаған жалпақ түрлері де бар.Оның орнына түсі және ұзындығы әр түрлі тікендер мен қылтанақ бітеді.Ондай қылтанақтардың ұзындығы кейде 15 сантиметрге дейін жетеді.Бұлар өсімдікте ылғал мен жылудың сақталуына жәрдемдеседі және өсімдікке көрік беріп тұрады.Ал пейреския деп аталатын кактустер әдетте жапырақты болады.Ондай жапырақтардың пішіні лимон өсімдігінің жапырағына ұқсайды.Гүл әуесқойлары көбірек өсіретін кактустерді үш топқа бөледі.Олар: пейреския, опунция,цереус топтары деп аталады.Пейреския тобына сабағы дөнгелек, жапырағы жалпақ ағаш тектес формалары жатады.Бұлар үйде көп өсіріле бермейді.Опунция тобына етті де жуан, кейде жалпақ не дөнгелек, бұтақталған сабағы бар бұта тектес формалары жатады.Олардың жапырақтары ерте түсіп қалады.Үйде өсіргенде гүлдемейді.Өздері тікенекті келеді,суыққа төзімді болады.Сондықтан еліміздің оңтүстігінде Қырымда, Кавказда, Түркменстанда опунция кактусын ашық ауада өсіреді.Ұсақ түкті және ақ түкті опунцияның екі түрі ғана үйде өсіріледі.
Кактус өсімдігіне әуестенген, гүл әуесқойлары опунцияның түтік сабақты, көп тікенді, жұлдыз тікенді өте көрікті түрлерін өсіруге талпынады.
Суккулентті оның ішінде кактустерді өсіретін гүл әуесқойлардың коллекциясында, кактустердің цереустар, эхинокактустар,хелокактустар көбірек кездеседі.
Кактустардың жабайы түрлері Европаға әкелініп, олар жеке коллекцияларда өсіріле басталды.Бөлме өсімдігі ретінде европалықтарға белгілі болған алғашқы кактустар,мелокактус(Melocactus), цереус (Cereus) және опунция (Opuntia) ,бұл кактустардың ірі коллекцияларын 14 ғасырда Лондон аптекарі Морган құрды (Турдиев,Беспаев,1964).Бөлме кактустары туралы алғашқы ресми мағлұматтар Ресейде 18 ғасырдың басында пайда болды.Ол Ленинградта бұрынғы аптекарь бағының орнында ботаникалық бақтың ашылуымен байланысты болды.
1714 жылы Петр І-дің бұйрығы бойынша Санкт-Петербург аптекарь бақшасы ашылған.1749ж осы аптекарь бағында кактустардың 35 түрі өсіріледі.Бұл кактустар цереус тобына жатты, олардың түрлері Ресейге Европадан әкелінген.
1830 жылы Бразилияның Ресейдегі консулы,ғылым-этнограф Г.Лангсдорф Бразилиядан кактустың жаңа түрлерін жеткізді.1889ж Санкт-Петербург ботаника бағында кактустар мен басқа суккуленттердің 1026 түрі өсірілді.
19-20 ғасырларда Европада және Ресейде кактустың ірі коллекциялары пайда болып,кактустарды өсіру тарату жұмыстары революциядан кейін дұрыс жолға,жүйеге келтірілді.Кактустарды өсіретін,коллекцияларды құратын кактусистер, яғни ғылыми түрде зерттеуші адамдардың тобы пайда болды.Кактустарды өсіретің қоғамдар 1950-1960 жылда Москвада, Ленинградта, Краснодарда, Минскіде тағы басқа қалаларда құрылды.
Қазақстан Республикасы бойынша алғашқы кактусистер клубы («Астрофитум») клубы 1964 жылы Алматыда құрылды.1972 жылы Алматыда кактусистердің алғашқы съезі өткізілді қазіргі кезде ТМД-елдерінде,Евразия көлемінде 70 астам кактустер коғамы белгілі.
Кактустер(Cactaceae) жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде, өте жоғары деңгейде маманданған өсімдіктердің бірі болып саналады.Тарихи эвалюциялық дамуда кактустар ылғалды аз жұмсайтын және су қорын жинайтын,шөлді-шөлейтті жерде кездесетін өсімдіктер болып саналады.
Кактустардың денесі 3 дене мүшелерінен тұрады: тамырдан,сабақтан және тікенекті метаморфозданған жапырақтан.
Кактустердің негізгі тамыры жақсы жетілген,оларда жанама тамырлар пайда болған.Тамырдың негізгі атқаратың қызметі кактус денесін субстратқа бекіту және топырақта ылғал көп болған жағдайда суды, минералды заттарды сіңіру. Кактус тамырларының бір ерекшелігі 5-6см топырақ терендігінде, ылғалдың аз мөлшерін сезіне алады. Кактус тамырлары өте тереңге кетеді,мысалы: Мексикада кездесетін мелокактус тамыры 7 м тереңдікке кетеді.Эпифитті кактустер(Epiphillym) қосалқы тамырлар пайда болады, бұл кактус тропикалық ормандарда кездеседі.Оның тамырлары ауадағы ылғалды сіңіре алады.(Талызин ,1967)
Кактус сабағында су қорын жинайтын паренхималық ұлпалардың жетілуіне байланысты 80-90% дейін су қоры жиналады.Мысалы: 20 жылдық цереуста ылғалдың 90% сабақта жиналады.(Турдиев 1982).Кактус сабақтың тағы бір ерекшелігі гиподерма-қабықтың болуына байланысты,жапырақтың болмауына суды аз буландырады.Ф.Пахоут және басқалар 1963 жылғы дерегі бойынша опунция сабағы қуаншылықта ылғалдың 5-6% ғана жоғалтады.Кактус сабағының пішіні әр түрлі болып келеді: бағана тәрізді (карнегия туысында –Carnegica), лемероцереуста (Lemaireocereus), шар тектес маммилярияда (Mammillaria),көп қырлы пішінде эхинофосулокактус (Ehinofossulocactus).Кактус сабақтары бұтақтанған және бұтақтанбаған болып бөлінеді.Кактус сабағының тағы бір ерекшеліктерінің бірі ареолдарының болуы.Ареол латын «ареола»-площадка,аудан деген мағынаны білдіреді.Ареол-кактус сабағының үстіндегі гүлі пайда болатын немесе жас кактус бұтақтары(детки) пайда болатын сабақтың ең жоғарғы бөлімі (Киселев,1973).
Кактустарда жапырақ болмайды,эвалюциялық дамуда жапырақ редукцияға ұшыраған.Метаморфозданған яғни түрлене өзгерген,жапырақ орнына кішігірім бүрлер,қабыршақтар немесе тікенектер пайда болады.Тікенектердің ұзындығы кактус түрлеріне байланысты бірнеше мм-ден-1см жетеді.Олар қорғаныш қызмет атқарады.
Кактустердің гүлдері жеке немесе шашақ гүлшоғырынан тұрады.Көптеген кактустарда гүлдері қондырмалы қос жынысты.Кактустердің ішінде тек қана мамиллярия ғана екі үйлі кактус түрлері кездеседі(мамиллярия двудомная)(Mammillaria dioica).Кактус гүлдері әр түрлі болып келеді,ірі гүлді,гүлдерінің ұзындығы 20-25см(селеницереус және гилоцереус)-(Selenicereus Hylocereus).Ұсақ гүлді кактустарда эпителант кактустар жатады.Кактус гүлдерінің рені ақ,қызыл сары, қызыл-сары,қоңыр болып келеді.Гүлдеу уақыты бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады.Табиғи ортада кактус тозандануы насекомдар құстар арқылы жүреді,сонымен қатар өздігімен тозанданатын кактустар бар.
Кактустердің жемісі жидек тәріздес шырынды және тікенекті жіпшелі тұқым өкілдері бар,құрғақ жемістерден тұрады,табиғи жағдайда кактустер құстар,жануарлар арқылы таралады.
Кактус тұқымы өте жұқа жамылғысы болады.Кактустердің бір жемісінде 1-1000 тұқымы болады,көптеген түрлеріне байланысты.Бөлме және теплица жағдайында кактус тұқымы 7-10 күнде өсе бастайды.Тұқымның өсу ұзақтығы 7-10жыл.Кактустердің негізгі шыққан ортасы Оңтүстік Америка, Мексиканың, Перудың, Чилидің, Аргентина және Боливияның шөлейтті жерлерде кең таралған (Левданская,1978).
Бұл шөлейтті далаларда опунцияның көптеген түрлері кездеседі.Бөлме өсімдіктері ретінде ең алғашқы өсірілген кактус түрлері опунцияға жатады. Қазіргі кезде опунцияның кейбір түрлері Оңтүстік Қырымда ашық грунттарда өсірілуде.Олар -10С тағы дейінгі қысқа уақытқа созылған суықты көтере алады. (Левданская,1978)
Оңтүстік Американың таулы аудандарында,700-3000 мың биіктікте кактустар тұқымының эспостоя және мелокактус сияқты тұқымдастары ірі таулы ландшафты құрайды.Бұлар аласа бойлы жатаған түрлер. (Левданская,1979). Бұл таулы аудандарда ауаның температурасының өзгеруі 20 С. Күндіз 38 С болса,түнде 7-қа төмендейді.Кей жағдайларда кактус ландшафтының үстінде қор жамылғысы болады.Бұл кактустар 7-5С температураға төзімді.(Масюкова,1972).
Кактустар Американың Амазонка өзенінің бассейінінде орналасқан тропикалық мәңгі жасыл ормандарда кездеседі.Бұл кактустардың сабағы жапырақ пішіндес болып келеді,тікенектері аз немесе болмайды көп жағдайда эпифитті түрлері кездеседі,яғни ағаштардың дінің субстрат ретінде пайдаланады.ХVІІІ ғасырдың аяғында кактустарды систематикалық жүйелеу жұмысы басталды.Кактустарды дұрыс жүйелеуде олардың климат,рельефтік жағдайы тез өзгеріске түсуі көп кедергі келтірді.Сондықтан да ең алғашқы жасаған кактустардың систематикалық жүйесінде(Буксбаун 1958.,Бухгейм,1967)
көптеген қарама-қарсы деректері болды.Бүл авторларда кактустардың түр саны 800-2000 дейін берілген.(Сааков,1983).
Қазіргі уақытта системалар кактус тұқымдасын 3 трибаға бөледі:
1) Пейрескиялар(Pereskiodea)
2) Опунциялар(Oputiaidea)
3) Кактустар (Cactaidea).(Талызин,1967)
Пейрескиялы-кактустарға бұталы,жартылай бұталы,жатаған формадағы кактустар жатады.Олар суккулентті сабақты және суккулентті жапырақты болады.Гүлдері шашақты гүл шоғырларда орналасқан немесе гүлді болады.Гүл реңі ақ,қызыл,қызғылт,сары,жатыны төменде орналасқан.Тұқымының сыртында қара түсті қабығы болады.Бұл трибаға 2 туыс жатады: пейреския мен майуния.Кактус тұқымдасының бұл трибасындағы түрлер және туыстар Вест.Индияның,Мексикалық,және оңтүстік Саванада кездеседі.(Кесилев,1964)
Опунция трибасындағы кактустар-тік немесе жатаған бұталы және жартылай бұталы өсімдіктер.Олардың жатаған формалы түрлерін тефракактустар деп атайды.Опунцияның сабағы цилиндр,диск,шар тәрізді формалары болады,бұтақталған.Гүлдері жеке,қондырмалы,реңі сары,кейде ақ, жатыны төменгі,тұқымының сыртында өте қатты ақ түсті қабықшасы болады.Опунциялар 10 туыстарға жатады,350 түрден тұрады (Корнеев,1954). Опунциялардың сабағының пішініне байланысты 3 топқа бөлінеді.(Жизнь растений,Т.5).Бразелопунция (Лэм,1954).Бұл опунциялардың сабағы жалпақ, екінші топта птерокактус-сабағы цилиндр тектес, үшінші топта сабағы шар тектес кактустар.(Залатаева,1972)
Кактустер трибасына жататын түрлері ағаш тектес,бұталы және көп жылдық шөптесін болып келеді.Бұл трибадағы кейбір кактус түрлері эпифитті-тропикалық ормандарда кездеседі.Гүлдері жеке,қондырмалы,жатыны төменгі, тұқымының сыртын өте жұқа қабықша қаптап жатады.Бұл трибадағы кактустар орталық Америкада және Оңтүстік Америкада кездеседі.Кактустар трибасындағы туыстары өте көп.(Левданская,1979)
Кактустар табиғатта және адам өмірінде маңыз атқарады. Оңтүстік Америкадағы үндістер кактустарды медицина саласында пайдаланған. Ацтеки –мал азығы ретінде,тағам ретінде пайдаланған. Ацтеки-опунцияның кейбір түрлерінің жемісінен шырын, сироп, желе алған оны тағам ретінде пайдаланған. Мексиканың шөлді далаларында кактустардың кейбір түрлерінен сусын алады.(Дьяконов,1953)
Бөлме өсімдігі ретіндегі өсірілетін кактустар эстетикалық,санитарлық гигиеналық маңыз атқарады.(Пажоут,1963)
Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.
4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.
5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.
6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.
7. Киреев М.Ф. «Советы цветоводам». Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984.
Лекция №15. Бөлме өсімдіктердің көбейту, өсіру, күту.
Дәрістің мақсаты: Бөлме өсімдіктерін көбейті, өсіру және күту туралы мағлумат беру.
Дәріс мазмұны: Қарапайым үй жағдайында өсімдіктерді өсіру үшін олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура, ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Өсімдіктердің жайқалып өсуі үшін оны қалай суаруды да білген жөн. Әдетте үй өсімдіктерін өсірушілер оған суды көп құяды, соның салдарынан тамыры шіриді. Өсімдікке құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5-7 градус жоғары болуы керек. Ол үшін өзен, жаңбыр, қар, тоған немесе құбыр суын пайдалануға болады. Құбыр суын хлорынан тазартып алу үшін алдын ала ыдысқа құйып, тұндырып қояды. Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбіне ағуы тиіс.
Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аққан суы сол бойда, ал жеңіл топырақтың артық суын 30 минуттан немесе 1 сағаттан кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онда топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Гүлге су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп тұруы қажет. Пиязға, бүлдіргенге су құйғанда оларға су тимеуін қадағалау керек. Өсімдіктерді әсіресе күн ыстықта бүркіп суару қажет. Өсімдіктердің аптасына бір рет жапырақтарын жұмсақ матамен немесе мақтамен жуып отырады, өйткені жапырақтың көздерін шаң басып, ауруға тез шалдығады.
Үй өсімдіктері үшін ең қолайлы ыдыс кәдімгі жайпақ тәрелке мен қыш тостақ болып табылады. Олардың қабырғалары кеуекті болғандықтан өсімдіктің тамырына оттегі оңай жетеді. Металл не сырланған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Кактустар мен басқа сукуленттерді өсіру үшін пластмассадан жасалған ыдыстарды пайдалануға болады. Өсімдіктің ауруға шалдығуын болдырмау үшін алдымен ыдысты ыстық сумен мұқият жуады, содан кейін дезинфекциялайды.
Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жапырағы солғанда не тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмап алғанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызар алдында кесек топырақ жібігенше, су құю керек. Топырағын алмастырып отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді.
Көшеттеп отырғызу жұмысын әдетте наурыз, сәуір айларында жүргізеді. Өсімдікті көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен, не саусақпен нығыздап су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құяды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйде) қояды. Шикі етті жуған су өсімдікке жақсы тыңайтқыш болып табылады.
Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.
4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.
5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.
6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.
7. Киреев М.Ф. «Советы цветоводам». Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ.
№1 зертханалық жұмыс. Тақырып: Декоративті гүлді өсімдіктердің негізгі топтары
Сабақтың мақсаты: Студенттерді бөлме және декоративті өсімдіктер негізгі топтарымен таныстыру.
Тапсырмалар: анықтағыштар арқылы өсімдіктерді анықтау.
Методикалық жоба: декоративті гүлді өсімдіктердің негізгі топтарымен
Бақылау сұрақтары: ауызша сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
№2 зертханалық жұмыс. Тақырып:
Тапсырмалар:
Методикалық жоба:
Бақылау сұрақтары: ауызша сұрақтары берілген
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
№3 — 4 зертханалық жұмыс. Тақырып:
Сабақтың мақсаты:
Тапсырмалар:
Методикалық жоба:
Бақылау сұрақтары: ауызша сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
№ 5 — 6 зертханалық жұмыс. Тақырып:
Сабақтың мақсаты:
Тапсырмалар:
Методикалық жоба:
Бақылау сұрақтары: ауызша сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
№ 7 зертханалық жұмыс. Тақырып:
Сабақтың мақсаты:
Тапсырмалар:
Методикалық жоба:
Бақылау сұрақтары: ауызша сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
6. Студенттердің оқытушымен өтетін өздік жұмыстарының (СОӨЖ) орындаудағы әдстемелік нұсқау.
№1 СОӨЖ жұмыс. Тақырып:
Сабақтың мақсаты: .
Тапсырмалар:.
Есеп беру формасы: ауызша жауап.
Методикалық жоба:
Құрал жабдықтар:
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.
4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.
5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.
6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.
№2 СОӨЖ жұмыс. Тақырып:
Сабақтың мақсаты: .
Тапсырмалар: .
Есеп беру формасы: ауызша жауап.
Методикалық жоба:
Құрал жабдықтар:
Қолданылған әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.
4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.
5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.
6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.
№3 СОӨЖ жұмыс. Тақырып:
Сабақтың мақсаты:
Тапсырмалар:
Есеп беру формасы: ауызша жауап.
Методикалық жоба:
Құрал жабдықтар:
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.
4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.
5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.
6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.
№4 СОӨЖ жұмыс. Тақырып:
Сабақтың мақсаты: .
Тапсырмалар:.
Есеп беру формасы:
Методикалық жоба:
Құрал жабдықтар:
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.
4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.
5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.
6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.
Студенттердің өздік жұмыстарының (СӨЖ) орындаудадғы
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.
№1 СОӨЖ жұмыс. Тақырып:
Сабақтың мақсаты:
Тапсырмалар:
Есеп беру формасы:.
Методикалық жоба:
Құрал жабдықтар;
Қолданылатын әдебиеттер:
№2 СОӨЖ жұмыс. Тақырып: .
Сабақтың мақсаты: .
Тапсырмалар: .
Есеп беру формасы:
Методикалық жоба:
Құрал жабдықтар;.
Қолданылатын әдебиеттер:
№3 СОӨЖ жұмыс. Тақырып:
Сабақтың мақсаты:
Тапсырмалар:.
Есеп беру формасы:.
Методикалық жоба: .
Құрал жабдықтар;.
Қолданылатын әдебиеттер:
№4 СОӨЖ жұмыс. Тақырып: .
Сабақтың мақсаты: .
Тапсырмалар:
Есеп беру формасы:
Методикалық жоба:
Құрал жабдықтар;.
Қолданылатын әдебиеттер:
7. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсыныс.
Ботаника пәні 3 бөлімнен тұрады: өсімдік анатомиясы және морфологиясы, төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы және жоғарғы
сатыдағы өсімідіктер систематикасы. Биология мамандығы бойынша студенттер 1-2 ші семестрлерде өсімдіктер анатомиясы және морфологиясымен танысады. Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы бағдарламасы мынандай жоспар арқылы кұрылған:
1. Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәнін окыту мақсаты.
2. Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәнінің лекциялары.
3. Зертханалық жұмыстар, олардың мазмұны.
4. Қолданылатын оқулықтар.
5. Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәнінен өтетін бақылау жұмыстары.
6. Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәнінен өтетін далалык, жаттығу практикасы.
8. Курс форматы
Пән бойынша дәріс және зертханалық сабақтар жүреді. Дәрістік сабақта студенттер материалды тыңдап, игереді және зертханалық сабақтарда модульдар бойынша бақылау тапсырмаларын орындайды, межелік тестілеу өтеді. Топтықөздік және межелік сабақтарда ең маңызды тақырыптар талқыланады. Әрбір сабақтың күні мен уақыты, тақырыбы мен тапсырмалары алдын ала хабарланады.Бұл сабақтарға студенттердің белсенді қатысуы керек. Сонымен қоса, пән бойынша кеңестер жүргізіледі, олардың кестесі алдын ала хабарланады. Әрбір апта аяғында дәрістік, зертханалық, өздік және межелік тапсырмаларды орындауға байланысты бөлінген балл сандарына қарай студенттердің білімі бағаланады.
9. Курс саясаты
Пәнді студент оқытушының көмегімен және дербес жүйелі түрде оқуы тиіс, қажет болғанда оқытушыдан кеңес алуға болады. Порталға үнемі кіріп, оқытушының пән бойынша жасалған жұмыс бағдарламасы мен немесе силлабуспен танысып, зертханалық сабақтарда берілген әдістемелік нұсқауларды орындау қажет. Тек дәрістік материалдармен шектелмей, курс ішінде көрсетілгенэлектрондық қорларды, әдебиеттерді оқу қажет.Алдымен бір модульды оқып, игеріп, тапсырмасын орындап, сонан соң ғана келесі модульға көшу керек.Өздік жумыстардағы тапсырмаларды уақытында орындап, межелік тестілерді де мерзімінде өту керек.Бақылау мерзімдері: 1-ші 7-ші апталардағы тапсырмалар мен тестілерді тапсырғаннан кейін алғашқы аттестация өтеді, келесі бақылау мерзімі 8-ші аптадан 15-ші аптаға дейін. 15 аптада екінші аттестация қорытындысы жарияланады.
10. Баға қою саясаты
Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы үшін белгілі балл санын жинуы тиіс. Баллдардың максималды саны:
1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-8 апталарда – 300 балл,
2-рейтинг нәтижесі бойынша 9-15 апталарда – 300 балл.
Пән бойынша семестрде максималды балл саны – 600.
Баллдар келесі жұмыс түрлері үшін қойылады:
1. Модульдар бойынша тапсырманы орындағаны үшін (1 және 3 модуль бойынша максимум 150 балл, 2-модуль бойынша – максимум 120 балл)
2. Межелік тестілерді орындағаны үшін (максимум 30 баллдан)
Курстық жұмыс жеке бағаланады.
Пән бойынша баллдардың бөлінуі төменде 5-кестеде берілген.
Бақылау мерзімдері 8-аптаның соңы және 15-аптаның соңы. Уақытында өткізілмеген тапсырма мен тестерді 15-аптада тапсыруға болады, бірақ егер студент себепсіз уақытында орындамаса, оларға айыппұл салынып, баллдың 60% ғана қойылады.
11. Студент білімін бақылау
Студенттің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі:
-
ағымдағы бақылау (әр модуль соңында жүргізіледі) -
межелік бақылау тестілеу түрінде (8 және 15 апталарда) -
қорытынды бақылау – семестр соңында бір рет жүргізіледі (емтихан).
Студент пән бойынша емтиханға жіберілуі үшін оның семестрдегі жиынтық рейтингілік бағасы 50% тең немесе артық болуы тиіс. Қорытынды баға 1 және 2 рейтинг пен емтихан нәтижесі бойынша есептеледі: 1-рейтинг нәтижесінің 30% + 2-рейтинг нәтижесінің 30% + емтихан нәтижесінің 40% қосындысына тең.
Пән бойынша қорытынды баға келесі шкала бойынша анықталады (кесте).
Әріптік, баллдық және пайыздық эквиваленттегі бағалар шкаласы
кесте
Әріптік жүйедегі баға | Баллдың цифрлық эквиваленті | Пайыздық мөлшері | Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
А | 4,0 | 95 – 100 | Өте жақсы |
А– | 3,67 | 90 – 94 | |
В+ | 3,33 | 85 – 89 | Жақсы |
В | 3,0 | 80 – 84 | |
В– | 2,67 | 75 – 79 | |
С+ | 2,33 | 70 – 74 | Қанағаттанарлық |
С | 2,0 | 65 – 69 | |
С– | 1,67 | 60 – 64 | |
D+ | 1.33 | 55 – 59 | |
D | 1,0 | 50 – 54 | |
F | 0 | 0 – 49 | Қанағаттанарсыз |
I | NA | — | Аяқталмаған |
P | — | өтті | Пәнді өтті |
12. ГЛОССАРИЙ
Арабеска- бұл өте күрделі геометриялық өрнектерден тұратын күрделі орнаментті құрайтын гүлзарлар. Арабескаларды парктер мен скверлерде немесе үлкен алаңдарда газондардың үстінде пайдаланады.
Ассимиляция — ассимиляция. Организмдердің сыртқы ортадан заттарды қабылдап, өздеріне тән күрделі органикалық заттарды синтездеуі. Бұл процесс энергия пайдалану арқылы жүзеге асады.
Ацтеки –мал азығы ретінде,тағам ретінде пайдаланған. Ацтеки-опунцияның кейбір түрлерінің жемісінен шырын, сироп, желе алған оны тағам ретінде пайдаланған. Мексиканың шөлді далаларында кактустардың кейбір түрлерінен сусын алады.
Балауыз өңезі — восковой налет. Жапырақ бетіне, кейде өсімдік сабағына балауыздың жұғуы. Бұл өсімдіктің артық буланудан сақтайды.
Безді клеткалар — железистые клетки. Ішінде әртүрлі — эфир майлары, қымыз қышқылды ізбес кристалдары бар, көлемінен немесе ерекше пішінімен оңай көзге ілінетін паренхима тканінің арнайы клеткалары.
Бейімделу — адаптация. Организмнің құрлысы мен атқаратын қызметінің тіршілік жағдайларына бейімделуі, сыртқы жағдайларының өзгеруіне организмнің бейімделуін қамтамасыз ететін жауаптардың жиынтығы.
Бордюр- француздың “көмкөру” (окаймленный) деген сөзінен шыққан. Ол гүлзарлардың шетін көмкере отырғызылған өсімдіктер. Бордюрдің ені 50- 70 см, мұнда жатаған бір жылдық немесе көп жылдық өсімдіктер отырғызылады.
Гелиофиттер — гелиофиты. Күн жарығы мол түсетін жерлерде өсіп, жарықты көбірек ұнататын өсімдіктер.
Гемикриптофиттер — гемикриптофиты. Жертаған өсімдіктер. Жылдың қолайсыз мерзімінде олардың бастама бүршіктері жерде сақталады.
Гемиксерофиттер — гемиксерофиты. Қуаңшылық аймақтар мен ылғалдылығы орташа аралығында өсетін өсімдіктер. Олардың тамырлары өте тереңдеп өседі, транпирация арқылы қарқындылығы жоғары және сусыздануға төзімділігі төмен келеді.
Гетеротрофты мүшелер (органдар) — гетеротрофные органы. Фотосинтезге қабілетсіз өсімдік мүшелері (тамыр, ұрық, жапырақтың түссіз ұлпалары).
Жазғы тыныштық — летний покой. Құрғақ, шөл далада өсетін кейбір өсімдік түрлерінің жаздың құрғақшылық кезеңдеріндегі қолайсыз жағдайларға бейімденуіне байланысты тыңыштық күйге өтуі.
Жапырақтың ширатылуы — скручивание листьев. Бактерия, саңырауқұлақ немесе вирустардың әсерінен пайда болатын аурулардың бір белгісі.
Жапырақтың бұйралануы — курчавость листьев. Әртүрлі топтағы саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болатын өсімдіктер ауруы. Жапырақ бетінде көптеген дөңестер пайда болып, жапырақ пішіні бұзылады.
Интродукция — басқа табиғи климаттардан алып келіп, жергілікті жерде өсірілетін өсімдік түрлері немесе сорттары.
Клумба- гүлзарларды құруда ең негізгі элемент. Клумба- ағылшынның “геометриялық дұрыс пішіндегі гүлзар” деген ұғымын береді. Гүлзарлар парктерде, скверлерде, ашық алаңдарда, жол бойында, фонтандардың маңын көгалдандыруда кеңінен пайдаланылады.
Ксерофиттер — ксерофиты. Құрғақшылық аймақтарға бейімделген өсімдіктер. П.А. Генкельдің ұйғаруы бойынша ксерофиттер мынандай топтар,ға бөлінеді: суккуленттер, эвксерофиттер, гемиксерофиттер.
Қалемше — өсімдіктерді вегетативті көбейтуде пайдаланыталын сабақтың немесе жапырақтың бір бөлігі.
Рабатка — сопақша келген, көшелердің бойынша орналастыратын гүлзар түрі.
Солитер- бұл француздың “жеке отырғызу” деген мағынасын береді, яғни гүлзарларды жасауда өте ірі декоративті бір жылдық өсімдіктерді ашық алаңдардағы, парктердегі, скверлердегі газондардың ортасында немесе шеттерінде жекелеп орналастырады.
Суккуленттер – паренхима клеткаларында су қорын жинайтын, етженді өсімдіктер.
ч. 1 … ч. 3 ч. 4 ч. 5 ч. 6