«Бөлме гүлі кактус» (Таным)
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Кактус»
Мақсаты: Балаларды бөлме гүлдерімен таныстыруды жалғастыру.Олар да су ішеді,өседі сондықтан оларға қамқорлықпен қарау керек екенін түсіндіру.
Б.М: Балаларға тақпақ арқылы гүлдерді,өсімдіктерді күтіп-баптауға үйретіп,тіл байлығын дамыта түсу.
Д.М: Қарындашпен дұрыс жұмыс істеу іскерліктерін дамыту.
Т.М: Бөлме гүлдеріне қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерективті тақта,слайд суреттер.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Ізденуші ұйымдастырушы
Қорытынды
-Балалар бүгін біздің іс-әрекетімізге
көптеген қонақтар келіп отыр екен.Олай болса,балалар қонақтармен сәлемдесейік.
Кішіге де сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.
Жылулық шеңбері
Біз гүлдермен доспыз,текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден,анамызға сыйлаймыз.
Балалар барлығымыз терезеге,
тақтаға назар аударайықшы нені көріп отырсыңдар?
Менің қолымда не тұр гүл?
Дұрыс айтасыңдар,бұл гүлдің аты Кактус.
Кәне қосылып бірге айтайықшы. Кактус кішкене бөшкеге ұқсайды
Гүлдің түсі қандай?
Неліктен адамдар бөлме гүлдерін өсіреді?Гүлдер бөлменің ауасын тазартып,кейбір ауруларды емдеуге өте пайдалы,тіпті,олар үйді де әсемдейді?
-Ал адамдар бөлме гүлін қалай күтіп-баптайды.
Гүлдің түбін қопсытып,оған су құю керектігін түсіндіремін.
Су ішпесе,шаңы сүртіліп,
тазаланбаса гүліміз құрғап қалады.Сондықтан үнемі баптап күткенде ғана ол әдемі болып өседі.Сендердің аналарың өздеріңді қалай баптап қараса,гүлді де сондай қарау керек.
Бүгін қуыршақ бізге бөлме гүлдерін күтіп-баптауға көмектескен еді,бірақ оның саусағына кактустың тікенегі кіріп кетіпті.Ол кактустың тікенегі бар екенін білмей қалыпты. Кактустар ыстық шөл дала да өседі.
Кактустың жапырақтары инелерге айналған.
Балалар қалай ойлайсыңдар,
кактус инелерімен қандай жануарға ұқсайды?
«Кактустың» суретін салу.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар ,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үлкен болып өседі.
Әдемі гүлдерімізге су құяйық.
Ойын: «Кім жылдам»
Балалар гүлдерге ауа,су,күн қаншалықты қажет болса,күтім де соншалықты қажет екен.
-Міне балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды.
Жылулық шеңбері
Жылу берген Күнге рахмет
Тіршілік берген Жерге рахмет
Балалар бірге қайталайды.
Гүлді
гүл
Балалар барлығы қосылып айтады.
Жасыл
/Кірпі/
Балалар кактусытң инелерін салып толықтырады.
Балалар қимыл мен жасайды.
Балалар бір-бірлеп гүлге су құяды.
Балалар бірге қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Бөлме гүлдері-ауаны тазартып,үйдің ішін әсемдейді және ол өте жоғары күтімді талап етеді.
Болу керек: Гүлдерге деген сүйіспеншілігін,қамқорлық қасиеттері болу керек.
Меңгеру:Гүлдің түбін қалай қопсытып,гүлге су құюды,шаңын ептілікпен сүртуді.
Тәрбиеленушіге мінездеме
Тәрбиеленушінің аты-жөні: —————————————————————————-
Отбасы туралы мәлімет:———————————————————————————-
———————————————————————————————————————-
Жолдастарымен қарым-қатынасы:———————————————————
Өзін-өзі ортада ұстауы:———————————————————————-
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызығушылығы:
Мінез ерекшеліктері:
Үйде:————————————————————————————————
Шағын орталықта:——————————————————————————-
Серуен кезінде:————————————————————————————
Қызығушылығы:
————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————
Психодиогоностикалық карта
I.Тәрбиеленуші туралы жалпы мәлімет.
1.Аты-жөні,тегі ———————————————————————————-
2.Туған жылы,айы,күні————————————————————————-
3.Ата-анасы туралы мәлімет
——————————————————————————————————-
——————————————————————————————————-
4.Тұрағы——————————————————————————————-
5.Денсаулығы туралы мәлімет—————————————————————-
6.Отбасының әлеуметтік жағдайы————————————————————
II.Психологиялық ерекшеліктері
1.Есте сақтау қабілеті—————————————————————————
——————————————————————————————————
2.Зейін қою ерекшеліктері —————————————————————————————————————————————————————————
infourok.ru
Бөлме гүлдері, кактус туралы, балабақшаға жоспар
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.Білім беру салалары: Қатынас
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Бөлме гүлдері «Кактус»
Мақсаты: бөлме гүлдерімен таныстыруды жалғастыру
БМ: бөлме гүлі кактуспен таныстыру,
ДМ: есте сақтауын, қиялын, ойлау қабілетін дамыту.
ТМ: бөлме гүлдеріне қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу
Билингвалдық компонент:
Әрекеттің кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Әрекетті туындату, түрткі болу
Алақанды ашайық
Күнің шуағын салайық
Таза ауадан салайық
Жүрек жылуын салайық
Жиналған жылу шуағын
Қонақтарға шашайық
Балалар тәрбиешіден жылулық шеңберді жасайды.
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу
Рефлексия — түзету жұмыстары (коррекция)
Балалар барлығымыз топтағы гүлдермен амандасайық.
— Неліктен адамдар бөлме гүлдерін өсіреді?
— Гүлдер бөлменің ауасын тазартып, кейбір ауруларды емдеуге өте пайдалы, тіпті олар үйді де әсемдейді.
— Ал, адамдар бөлме гүлін қалай күтіп-баптайды білесіңдер ме?
Балалар бізге Асем атты қуыршақ қонаққа келді. Ол өз үйінде бөлме гүлін күтіп-баптап жүріп саусағына кактустың тікенегі кіріп кетіпті.
Байқау керек!
Балалар мына үстел үстіндегі кактустың сабағын, бұтағын, жапырағын көрсетіңдерші.
— Кактус ыстық шөл далада өседі. Ол кішкене бөшкеге ұқсайды. Мыналар бұның сабағы және бұтағы. Кактустың жапырақтары инелерге айналған. Кактустар гүлдейді, гүлі өте әдемі болады.
— Қалай ойлайсыңдар, кактус инелерімен қандай жануарға ұқсайды?
— Балалар Асем қуыршақ сендерге қонаққа келгеніне өте қуанышты екенін айтып жатыр. Сендердің қасында отырып қолына кірген тікенегін ұмытып кетіпті енді ол үйіне қайтады кәне бәріміз сау бол деп қоштасайық.
Сергіту сәті. «Үй»
Менде үлкен үй,
Ал көжекте кішкентай.
Қонжық кетті үйіне,
Көжек болып секіре. Балалар гүлдермен амандасып, олардың әдемілігін тамашалайды.
Сау бол Асем қуыршақ
Қолдарын көтереді
Отырады, қолдарын түсіреді.
Орындарында тұрып жүреді.
Секіреді.
Күтілетін нәтиже.
Біледі: Кактус бөлме гүлі екенін білу керек.
Түсінігі бар: Кактустың жапырақтары инелерге айналатынын түсінеді.
Орындай алады: бөлме гүлдеріне қамқорлық көрсете алады.
bilimdiler.kz
Маммиллярия кактусы туралы қазақша мәлімет
Маммилляриялар — бүртікті кактустер тобы; формалары мен тікенектері түрліше болып келеді. Маммилляриялардың бүртіктері сабағына шырмалып өседі, ал гүлдері ареолдардың арасындағы бүртіктерден өніп шығады.
Маммилляриялар — бүртікті кактустер тобы; формалары мен тікенектері түрліше болып келеді. Маммилляриялардың бүртіктері сабағына шырмалып өседі, ал гүлдері ареолдардың арасындағы бүртіктерден өніп шығады.
Жоғарыда айтылған түрлерден басқа эпифиллюм, рипсалис, эпифиллопсис, рипсалидопсис және зигокактус деп аталатын орман кактустері де бар. Бұлардың көпшілігі — эпифиттер, сондықтан олар бөлмеде өзге өсімдікке телінгенде (мысалы, пейрескияға) жақсы өседі. Бұл — көлеңке сүйгіш өсімдік, тура түскен күн сәулесін қаламайды, қыста үнемі ылғалдандырып отыруды қажет етеді. Оларды құм мен көмір қоспасы араласқан борпылдақ шірінді топырақка отырғызу керек. Шөл дала кактустерін өзен құмы, кірпіш ұнтағы немесе бор және ағаш көмірі қосылған жапырақ шіріндісі аралас және шым топыпаққа өсіруге болады.
Бұлар — жарық сүйгіш өсімдіктер, күн сәулесін көп қажет етеді және ашық ауада жақсы өседі. Қыста кактустерді суық жерге (-6°С-дан -8°С-ға дейін) және міндетті түрде құрғақ орынға қойған жөн.
Суықта қазаннан наурызға дейін сақталған кактусты суармайды, сонда олар жақсы гүлдейді. Оларды суарғанда өсімдік отырғызылған құмыраларды судың көпіршігі басылғанша суға салады да, содан кейін әбден құрғатады. Құмыралардың түбіне 3 — 4 см- дей қалыңдықта ұсақ әйнек сынықтарын салады. Жас өсімдік ылғалды көп қажет етеді, сондықтан оларды қыста айына бір рет суарады және топырағы қатты құрғап кетпеуін қадағалап отырады. Ересек кактустерді құрғату қиын, сондықтан олар сәл ғана судан оп оңай шіриді. Қыста суды азайту кактустерге тиісті тыныштық кезеңін бермейді. Бұл үшін төмен температура қажет. Кактус тұрған терезе алдын бөлмеден шыны немесе полиэтилен пленкалар арқылы қалқалауға болады. Кактустерді отырғызу аса ұқыптылықты талап етеді.
Тұқымды жартысы жапырақ аралас топырақ болып келетін шайылған өзен құмына егеді. Өркендері топырақ бетіне өніп шыққанша температура 25 — 30°С болуы тиіс және суды бүріккішпен себеді.
Алғашқы күндері ыдысты шынымен жабу керек. Жақсы өсіп жетілу үшін көшетін бірнеше рет сирету керек. Бірінші жылы оларды аса құрғап кетуден, шақырайған күннен және жел өтінен сақтаған жөн. Кактустерді қалемшелерінен өсірген тиімді. Қалемшелерді өткір пышақпен кесіп алады да, оған күкірт немесе көмір сеуіп, 3 — 4 күн кептіреді. Қалемшелерді шайылған өзен құмында тамырландыру керек (қолайлысы қыздырылған құмда). Тамыр жайысымен қалемшелерді шағындау ыдыстарға көшіріп отырғызуға болады. Топырақ кесектері кеуіп, тамырдан оңай ажырайтындай болуы үшін көшіріп отырғызбастан 3 — 5 күн бұрын суаруды тоқтатады. Көшіріп отырғызу кезінде абайсызда жарақат түскен түбіршіктері шірімес үшін көлеңкеге қояды, 5 күнге дейін суармайды. Көшіріп отырғызуға ең қолайлы уақыт — көктем. Әдебиетті Бөлме өсімдіктері мақаласының соңынан қараңыз.
petroglyph.kz
Бөлме гүлдері «Кактус»
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Бөлме гүлдері «Кактус»
Мақсаты: Бөлме гүлдерімен таныстыруды жалғастыру,соның ішіндегі кактус гүліне ерекше тоқталу.Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Полингвальды компонент: гүл-цветок-flower,кактус-kaktus.
Сөздік жұмыс: тірі табиғат,гүлдердің пайдасы,
Технологиялық қамтамасыз ету: тақтайша,ермексаз,тіс шұқитын,сулы сүлгі т.б.
Шаттық шеңбері: Сәлеметсіз бе,Нұрлы Күн!
Сәлеметсіз бе,Көк Аспан!
Сәлеметсіз бе,Жер Ана!
Сәлеметсіздер ме,қонақтар!
Сәлеметсіз бе,Сіз!
Сәлеметпіз,Біз!
Тәрб:-Балалар,осы бөлмеде тірі табиғат бар ма?
Балалар:-Осы бөлмеде тірі табиғат бар.
Тәрб:-Бар болса осы тірі табиғатты атайықшы…
Бал-р:-Балықтар,гүлдер,тотықұс,адамдар
Тәрб:-Бұл гүлдер қандай гүлдер?
Бал-р:-Бұл гүлдер бөлме гүлдері
Тәрб:-Неге оларды бөлме гүлдері деп атаймыз?
Бал-р:-Себебі,олар далада емес,бөлме ішінде өсуге бейімделген.
Тәрб:-Гүлдердің адамдарға қандай пайдасы бар?
Бал-р:-Олар бөлмедегі шаңдарды жұтып,ауаны тазартып отырады.
Тәрб:-Енді өзіміздің табиғат бұрышындағы гүлдердің аттарын айтып шығайықшы…
(Балалар гүлдердің аттарын айтып шығады)
Тәрб:-Жақсы,жарайсыңдар!
-Балалар,мен таңертең жұмысқа келе жатқанда бір сыйлық тауып алдым.Бұл сыйлықтың ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
(Балалар өз ойларын айтады)
Тәрб:-Мен сендерге көмек берейін.Ол тірі табиғат.
(Балалар тағы да өз ойларын айтады)
Тәрб:-Тағы бір көмек-ине
Бал-р:-Кактус
Тәрб:— Өте жақсы.Кактус екенін қайдан білдіңдер?
Бал-р:-Оның жапырағы инеге ұқсайды.
Тәрб:-Қалай ойлайсыңдар,кактус инелерімен қандай жануарға ұқсайды?
Бал-р:-Инелерімен кірпіге ұқсайды.
Тәрб:-Балалар,қазір мен сендерге осы кактус гүлі туралы айтып өтейін
(Интерактивті тақтадан кактус туралы әңгімелеп айту,түсіндіру)
Тәрб:-Балалар,енді біз сендермен «Тірі сұрақ,тірі жауап» үшін мамандардан кактус туралы жаңа ақпараттар алайық.
-Ол үшін ең алдымен дәрігерге барып,осы кактустың емдік қасиеттері бар ма,жоқ па екенін білейік.
(Тәрбиеші балалармен дәрігерге барады)
Тәрб:-Сәлеметсіз бе,дәрігер! Сіз біздің балаларға кактус гүлінің емдік қасиеттері бар ма екенін айтып беріңізші
(Дәрігер түсіндіріп айтып береді,балаларға ыдыс береді)
Тәрб:-Рахмет сізге,сау болыңыз! Балалар,мына ыдысты алып алайық,бір пайдасы болып қалар.
Сергіту сәті:Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Тәрб:-Балалар,енді аспазшыға барып,жеуге болатын кактустар бола ма,болмай ма екені туралы білейік.
(Тәрбиешімен балалар аспазшыға келеді)
Тәрб:-Сәлеметсіз бе,аспазшы! Сіз біздің балаларға кактусты жеуге,тамаққа пайдалануға бола ма,жоқ па екені туралы айтып беріңізші.
(Аспазшы түсіндіріп айтып береді,тіс шұқитын және макарон береді)
Тәрб:-Рахмет сізге,сау болыңыз!
-Балалар,енді кактустың түрлерін білу үшін биология пәнінің мұғаліміне барайық.
(Тәрбиеші балалармен биология пәнінің мұғаліміне келеді)
Тәрб:-Сәлеметсіз бе,мұғалім! Сіз біздің балаларға кактус гүлі туралы айтып беріңізші
(Мұғалім айтып береді,ермексаз береді)
Тәрб:-Балалар,енді иформатика,яғни компьютер апайға барып, оның кеңесін тыңдайық.
(Информатика апай кеңесін айтып береді,кактустың үлгі суретін береді)
Тәрб:-Балалар,енді мамандардың берген заттарынан кактусты жасасақ қалай қарайсыңдар?
(Балалар қуана келіседі)
Саусақ жаттығуы: Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Ұстай алам қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ,жол салсақ.
Балалар жұмысқа кіріседі (ыдысқа ермексаздан кактусты мүсіндейді және кактустың инелерін тіс шұқитын немесе жіңішке макароннан қадап жасайды).
Тәрбиеші кейбір қиындық туғызып отырған балаларға көмектеседі.
Балалар жұмыстарын аяқтайды.
Тәрб:-Балалар,осы жасаған жұмыстарыңды сендер үйге алып кетесіңдер.Үйге барып,ата-аналарыңа бүгінгі оқу іс-әрекетінде кактус туралы не білгендеріңді айтып беріңдер.
Рефлексия.
-Балалар,рефлексия жасау үшін біз сендермен «Не жаман,не жақсы ойынын» ойнаймыз.
Шарты:Кактус жақсы,себебі олардан дәрілік өсімдіктер жасалады;
Кактус жаман,себебі ол қолымызға кіріп кетеді;
Кактус жақсы,себебі пайдалары көп;
Кактус жаман,себебі ұйықтайтын бөлмеге қоюға болмайды….
Тәрб:-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар,рахмет сендерге.Енді қонақтармен қоштасайық.
videouroki.net
Кактус туралы қазақша реферат | Malimetter.kz
Кактус туралы қазақша реферат
Кактустың 3500-ге жуық түрілері бар. Олар негізінен экватор бойындағы(Оңтүстік және Солтүстік Америкада) шөлді құмдарда, тасты жондарда, биік құздардың, жартастардың жарықтарында, құнарсыз әк тастары бар топырақтарында өседі.
Орталық Америкада жауын- шашын тым аз болады. Бұл жерлерде құрғақ ауалы мерзім августан(кейде майдан) казанға дейін созылады. Қазаннан мамырға дейін жауған жауын -шашынның жалпы саны жылына 200-250 мм аспайды. Кейбір қуаншылық жылдары жауын-шашын тек қана 100 мм болады.
Кактус өсімдіктері тек құмды, тасты жерлерде ғана емес , сонымен бірге Бразилия, Колумбия, Перу, Боливия сияқты елдердің мәңгі жасыл тропиктік ормандарында өсетін көптеген түрлері кездеседі. Оның осы жерлерде, ағаштың бұтақтарында , жартастардың күн жақ ашық жерлерінде өсетін түрлерін ботаника тілінде эпифитті кактустар деп атайды.
Кактустар әдемі гүл өсімдіктер қатарына жатады.
Гүлдерінің көз тартарлықтай әдемілігін ескермегенде оның алуан түрлі сүйкімді ( ваниль, алма, магнолия, жидек т.б) иістері болады. Бұл ғажап иістер кактустың тікен басқан сырт көрінісімен үйлесе қоймайды. Жергілікті халықтар кактустардың жемісін пайдаланады. Оның үлкендігі бұршақтай және тауықтың жұмыртқасындай жемістерін халық шикілей де, пісіріп те, кептірген күйінде де жей береді. Олардың кейбіреулерінің , яғни церустің балғын сабағынан салат жасайды. Церустерден жүрек ауруына қарсы дәрі әзірлейді.
Кактустардың осындай қасиетіне және күтімді көп керек етпейтініне байланысты көптеген жерлерде өсіреді. Қазақстанның оңтүстік аудандарында ашық ауада да өсіріледі.
Кактустардың жуан да етті сабақтары алуан түрлі болады. Олардың ішінен биіктігі бірнеше сантиметрден бір жарым метрге жететін бағана, шар тәрізді түрлерін немесе бунақталған бұтақты түрлерін кездестіруге болады. Олар тегіс те, қырлы да, шұқырлы да бола береді. Кактус сабағының жапыраққа ұқсаған жалпақ түрлері де бар. Кактустың басым көпшілігінде жапырақ болмайды. Оның орнына түсі және ұзындығы әртүрлі тікендер мен қылтанақтардың ылғал мен жылудың сақталуына жәрдемдеседі және өмімдікке көрік беріп тұрады. Ал перейская деп аталатын кактустар әдетте жапырақты болады. Ондай жапырақтардың пішіні лимон өсімдігінің жапырағына ұқсайды. Гүл әуесқойлары көбірек өсіретін кактустар 3 топқа бөлінеді. Олар: перейская, опунция, церус топтары деп аталады. Перейская тобына сабағы дөңгелек, жапырағы жалпақ ағаштар мен бұталар жатады. Бұлар үйде көп өсіріле бермейді. Опунция тобына етті де жуан, кейде жалпақ не дөңгелек, бунақталған сабағы бар бұталар жатады. Олардың жапырақтары ерте түсіп қалады. Үйде өсіргенде гүлдемейді. Өздері тікенекті келеді. Суыққа төзімді болады. Сондықтан еліміздің оңтүстігінде – Қырымда, Кавказда, Түркменстанда кактус опунция ашық ауада өседі. Ұсақ түкті және ақ түкті опунцияның екі түрі ғана үйде өсіріледі.
Кактус өсімдігіне әуестенген гүл әуесқойлары опунцияның түкті сабақты, көп тікенді, жұлдыз тікенді өте көрікті түрлерін өсірулері қажет.Цереус тобына оның бірінен бірінің едәуір айырмашылығы бар туыстары жатады. Бұлар Оңтүстік Американың орталық және шығыс аймақтарында кездеседі. Өздері бұтақты, қырлы болады, қырларын тікен жауып тұрады. Үйде цереустың мынадай түрлерін өсіруге болады.
Б а у м е н ц е р е у с і . Шыққан жері- Перу. Биіктігі 2 м дейін, сабағы бағанаға ұқсас. Гүлі түтік тәрізді, түсі күрең сары, ұзындығы 6-7 см жетеді. Жемісі қызыл түсті, ірі.
І р і г ү л д і ц е р е у с і. Болмаса түн падишасы. Сабағы шырмалған төрт қырлы болды. Тікендері ұсақ келеді. Гүлінің диаметрі 20 см түтік тәрізді, күлтелері бірнешеу, түсі ақ, ваниль иісті, күнде кешке қарай бірнеше сағат бойы гүлдеп тұрады.
Алып цереусі. Мұның биіктігі 15м. Сабағы бағана тәрізді, бұтақтанған болады. Қыры онша өткір емес, тікендері шоқтанып бітеді. Ірі қызғылт гүлдеріне жұмыртқа сияқты жеміс байланады.
Мөлдір цереус . Бұл – Бразилиядан тараған биіктігі 3 м, жуандығы 35 см жететін өсімдік, 6-7 қырлы тікенді, түсі ақ, гүлдері өте ірі. Жемістері күрең қызыл түске боялады.
Филлокактустар. Орталық және Оңтүстік Американың ормандарындарында кездеседі. Үй жағдайына көнгіш. Көбіне қызыл, ақ қызғылт гүлді гибрид болып келеді. Әдетте көктемде, кейде екінші рет күзде гүлдейді. Сабағы бунақталған жалпақ және үш қырлы болып келеді. Воронка тәрізді ірі гүлдері осы қырларына бітеді. Көптеген филлокактустардың ішінде Аккерман және Гукер сортты филлокактустарды өсіруге болады.
Филлокактустарды тұқымы арқылы да көбейтуге болады. Ол үшін гүлдерді қолдан тозаңдандырады.
Жемісі жұмыртқаның үлкендігіндей. Оны жеуге болады. Себуге қажетті тұқымдарды жемістерден айырып алып, сол бойда егу керек.
Тозаңдандырғанда еске алатын бір жайт мынадай. Филлокактус өсімдіктері тоғыспалып тозаңдандыруды қажет етеді. Ол үшін әр түсті гүлі бар өсімдіктерді ғана бір- бірімен тозаңдандырады. Ол үшін әр түсті гүлі бар өсімдіктерді өзара будандастыруға болмайды. Өйткені өзара будандастырылса жеміс байламайды.
Эпифиллюмдер .Үйде көп өсіріледі, мұны кейде эпифиллюм трункатум деп те атайды. Сырт пішіні филлокактустерге ұқсайды, бірақ аласа болады. Қазан − қаңтар айларында гүлдейді.
Эхинокактустер немесе кірпі кактус. Мексикада таралған бұл өсімдік шарға немесе цилиндрге ұқсас. Сабағы қырлы, қатты тікендері топтанып, қырларына өседі. Үй жағдайында оның мынадай түрлері кездеседі: жылтыр эхинокактус, оның тікендері қайқиған, қыры жалпақ, өздері шағын болады. Висицени эхинокактусының қырына жанаса орналасқан бүртіктеріне қызыл қоңыр тікендер өседі; Грузия эхинокактусы, шар тәрізді домалақ келеді, сабағы 17-20 қырлы, тікендері сары болады; скоп эхинокактусының кішкене бүртіктеріне ақ тікен шығады, гүлі қызғылт болады.
Алып кірпігүл
Эхинокірпігүлі (Echinokaktus) − дүние жзіндегі ең үлкен кірпігүл. Кейбіреуінің диаметрі−1,5м жетеді. Биіктігі ұзынырақ болуы мүмкін, бірақ олар негізінен шар тәріздес болады. Бұл туысты 1827 жылы Генрих Линк пен Кристофер Отта жеке туыс ретінде сипаттап жазған болатын. Оған дейін оны Мелокірпігүлі (Melocactus)туысына жатқызатын. XIX ғасырда Эхинокірпігүлі туысына 100-ге жуық түр кірсе, қазір ол жинақталып тек он шақты түрден тұрады.
Екінші атымен айтқанда barrelcactus- күбі кірпігүлі. Жасы жүз жылдан асқан күбірлердің салмағы бірнеше тоннаға жетеді.
Гигант кірпігүлдің тікенектері өте қауіпті болуы мүмкін. Табиғатта алып кірпігүлдер Техаста, Солтүстік-Шығыс Мексикада өседі. Бұл жерде осындай тікенектілерге жылқылар көп жарақаттанады екен. Осыған байланысты жергілікті халық оны «жылқыны жаралаушы» деп атап кеткен.
Эхинокірпігүлі қабырғаларға бөлінген, оның саны 30 шақты. Оларды тізіліп сары тікендері қаптайды. Сондықтан оны кейде «алтын шар» дейді. Ал «эхино» атауы кірпішешенге ұқсатып қойылған, яғни латынша «echinus»-«кірпі» деп аударылады.
Тікенектері өте ұзын, үшкір, қатты болады. Зерттеушілер эхинокірпігүлінің осы тікенектері арқылы жел соққанда заряд пайда болады және осы зарядтар тамырға барып, құрғақ топырақтан суды жинауға көмектеседі дейді.
Бөлмеде өскен өсімдік тек үлкейгенде ғана гүлдейді. Ал олар өте ақырын өседі.
Кейбір кірпігүлдерде соның ішінде эхинокірпігүлге жұмсақ тікенекті домалақ қалпақ орналасқан. Ғалымдар оны цефалия (грекше cephalus-«бас») деп атайды. Осы қалпақтан гүлдері шығады. Бұндай қызықты зерттеушілер эволюцияда тікенектілердің гүлдейтін және ұрық беретін жеке мүше жасау қабілеті деп түсіндіреді.
Көктемнің соңында және жазда топырақ түгелдей құрғағаннан кейін су құяды. Сонымен қатар 2 аптада бір рет жеңіл суперфосфат қоспасын қосады. Қыста және көктемнің басында мүлдем суғарылмайды. Тұқымдарымен немесе үстінен өсетін өскіндерімен көбейтеді.
Опунция
Опунция (Opuntia)- өзінің аюдың құлағына ұқсас пішінімен танымал кірпігүл. Оны ең көп таралған кірпігүлдерге жатқызады. Бұл тікенекті гүлдің туысында 200-ден астам түр бар. Атауы Еуропада ең алғаш 1754 жылғы баспаларда кездеседі. Опунция сөзі жалпы грек тілінен алынған деседі. Себебі Грецияда тікенекті өсімдіктер өсетін Lokris Opuntia деген жер бар. Отаны – Мексика, Перу, Чили елдері. Мексиканың елтаңбасында опунция белгіленген. Қазір кірпігүл Америкадан таралып, Антрактидадан басқа жер шарының барлық континенттерінде кездеседі.
Мексика халқы опунция мен кашенильдан кармин деп аталатын бояғыш зат алады. Бұл құпияны олар 1785 жылға дейін сақтаған болатын. XIX ғасырда карминді кірпігүлге бітенің кошениль деген түрін жұқартып жасаған. Бояу алу үшін осындай мақсатта оны Аустралияға апарған болатын. Бұл жерде олар ез таралып, бойы 1,5 м жететін адам баспайтын тоғайлар жасады. Оны кейін тек күйе көбелектердің көмегімен ғана жоюды қолға алды. Уақыт өте карминнің орнына жаңа синтетикалық бояғыштар келді. Оған қарамастан қазірдің өзінде Мексика және Үндістан елдерінде карминмен боялған заттарды табуға болады.
Кірпігүлдерді зерттеген ғалымның бірі – Л.Бербанк опунцияның тікені жоқ түрін шығарды. Оның негізгі мақсаты бұндай өсімдікпен малды азықтандыру болатын. Бірақ ол орындалмай қалды. Төрт түлікке бұл экзотикалық өсімдік жақпай қалды.
Опунцияны басқа кірпігүлдерден оңай ажыратуға болады. Оның «аю құлақтары» алыстан көрінеді. Жеке «құлақтары» шелпекке ұқсайды. Олар қалың, етті болғандықтан үлкен жапырақтар тәрізді. Бірақ олардың негізгі жапырақтары цилиндр тәрізді таяқтар. Оны кейбірде жас өскіншелерде ғана көруге болады және олар тез түсіп қалады. Тікенектерінің екі түрі бар. Біріншісі үлкен инелерге ұқсайды.
Екіншісі өте кішкентай, көзге көрінбейді. Оларды глохидия деп атайды. Ұсақтығына қарамастан бұндай тікенектер өте қауіпті, терігекіргеннен кейін алу қиын. Опунцияның чолла деп аталатын түрлері де бар. Чолланың ерекшелігі егер инесі теріге кірсе, ол «шелпегімен» жұлынып кетеді. Сондықтан мексикалықтар оны «секіретін кірпігүл» дейді. Ал олардың тікенегін алу мүмкін емес.
Опунцияның өмірі біткеннен кейін де инелері қауіпті, тіпті олар аяқ киімді тесіп кете алады. Табиғатта тышқандар үңгірлерін чоллалармен қоршайды. Сонда койот сияқты жыртқыштар оларды мазаламайды.
Қазақстанда оны тек үй жағдайында өсіреді. Өкінішке орай олардың көбісі гүлдемейді, бірақ ұрық беруі мүмкін. Опунция күнді жақсы көреді. Суды сирек құяды, ал қыста суғару тоқтатылады. Топырағына жапырақ үгінділері, сазбен құм қосылады. Жыл сайын топырағын ауыстырып, қайта отырғызуға болады.
Қызыл жемістері шығады. Оларды кейбір елдер тағам ретінде қолданады. Опунцияның бұндай түріне фикусиндика жатады. Оны «индиялық инжир», «тікенекті алмұрт» деп атайды. Құрғақшылық кезде басқа өсімдіктер қурағанда опунция негізгі тамаққа айналады.
malimetter.kz
Кактустың түрлері, оған сипаттама — Оқушымен жұмыс — Ашық сабақтар — Ашық сабақтар
Бастауыш сынып мұғалімі:
Кузембаева Ляззат Дюсенбаевна
Қарағанды облысы
Шет ауданы
Бұрма ауылы
Бұрма орта мектебі
27 қаңтар 2010 жылы Қарағанды облысының білім басқармасы Балалар мен жас жеткіншектер сарайында
Жас зерттеушілердің шағын ғылым академиясының хххх ғылыми-практикалық конференция шеңберінде өткен,1-ші деңгейлі мектептік оқу-зерттеу жұмыстары облыстық байқауына Бұрма орта мектебінен 4 «А» сынып оқушысы Ахметова Акжан қатысып «Кактус» гүлі жайында жоба қорғады. Жобаға қатысқаны үшін арнайы сыйлықтар мен куәлікпен марапаттады. Сол жобаны сіздерге ұсынып отырмын.
Мазмұны
І.Кіріспе————————————————————————— 1 бет
ІІ.Негізгі бөлім
Алғы сөз ———————————————————————— 2 бет
Тікенекті,жуан және ерекше өсімдік
1.1.Кактустың түрлері, оған сипаттама ————————————- 3-4 бет
1.2.Америкалық селекционер Лютер Бербанктің еңбегі ————— 5-6 бет
1.3.Кактусты күту әдістері ————————————————— 7- бет
Қорытынды ——————————————————————- 8 бет
Әдебиеттер ——————————————————————— 9 бет
Кіріспе
Мәселе
Кактус өсімдігі тұрмыста қолданылған мен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады.
Мақсаты:
Бөлме өсімдіктерінің бірі кактустың түрлерін, ерекшеліктерін оқып үйрену.
Міндеттері:
- Кактус өсімдігіне қатысты кітаптармен, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;
- Кактустың түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету;
- Америкалық селекционер Лютер Бербанктің еңбегімен танысу .
Нысаны: кактус
Пәні: биология
Болжам: егер біз кактус жайлы оқып білсек, онда бұл өсімдіктің көптеген сырларын ашар едік.
Нәтижесі: іздену нәтижесінде кактус шырынын пайдаланып жараны тазарту,қан тоқтату,жараға таңуға қолдану.
Қандай өсімдікті жақсы көресің?- десе, көп адам гүлді атайды. Ал мен кактусты ұнатамын.
Осы жұмысым арқылы оны дәлелдегім келеді.
СССР Мемлекетт сыйлығының
лауреаты, белгілі ақын Самуил
Яковлевич Маршак:
Болса да данасы дананың,
Өсімдік-шын тегі адамның .
Арланып жүрмеңдер ағаш деп,
Алғашқы тегіміз-ағаш, шөп.
Біз содан төзім, күш, нәр алдық,
Өміршең адам боп жаралдық.
Алғы сөз
Өсімдіктер-тірі организм, олардың сан алуан түрлері түрлі ортада тіршілік етеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша жербетінде тек гүлді өсімдіктердің ғана 300 мыңға жуық түрі өседі.
Кейінгі кездері мектеп, балабақша, салтанат сарайында, әсем ғимарат орындарында гүл өсіру мәселесіне аса мән берілетінін көріп жүрміз. Түрлері де көп. Ендеше гүлді тек жердің көркі деп түсінбей, үй жайларда өсіріп, шұғылданумен айналыссақ еш артықтық етпейді. Оларды аялап,күтсең оның да саған деген пайдасы болмақ.
Адам баласының өсімдік өсіруге ерте кезден-ақ әуестенгені бізге мәлім. Өсімдіктерді бірнеше мақсатпен өсіреді, соның бірі-бөлме өсімдіктерінің сәндік мақсатта өсірілуі. Бөлме жағдайында өсірілетін өсімдіктердің басым көпшілігі Еуропадан, Африкадан, Азиядан, Австралиядан, Американың тропиктік және сутропиктік аймақтарынан әкелінген .
Сондықтан да бөлме өсімдіктерінің алатын орны ерекше. Соның ішінен ине тектес кірпіге ұқсап қалған кактустарды алайық.
Тікенекті, жуан және ерекше өсімдік
1.1. Кактустың түрлері, оған сипаттама
Толық әрі инелі кактус басқа өсімдікке ұқсамайды. Америка ашылғаннан кейін, осы жабайы өсімдікті Еуропадан әкеле бастады, Петербургте бірінші ботаникалық бақ ашылды.
Бұл инелі жабайы өсімдіктер құрғақ, ашық, суы аз жерде өмір сүреді. Кактустың инелері жерге түссе, сол жерге кактус өсіп шығады. Оның бойы толған су. Бұл өсімдік суды бойында ұстайды. Өсімдік тамырлары арқылы маңайындағы суды өзіне тартып алады. Жерге түскенде жылдам тамырланады. Кактус ауаға ылғал жібермес үшін жуан қабықпен қапталған. Ең үлкен кактустың іші 2000 литр суға толы болады. Жануарлар үшін жақсы азық болып табылады.
Инелері көлемі жағынан әр түрлі болады: дөңгелек, түзу, жалпақ, имек әрі жұмсақ . Олардың ұзындығы 1 мм-ден 25 см-ге дейін. Инелердің қорғанудан басқа тағы бір белгісі-ауадағы ылғалды жұту.
Кактустың мынадай түрлері бар:
1.Перескии кактусы
2. Опунций кактусы
3. Нотокактус
4. Дөңгелек қабырғалы кактус
5. Алып карнегия кактусы
6. Көпқабырғалы кактус
7. Селеноцерус кактусы
8. Карезон кактусы
Мексиканы кактустар мекені деуге болады.
Перескии кактусы Мексикада, Индияда өседі. Оның тұқымы ішінде өседі. Перескии кактусының ағаш тәрізді сабағы, жапырағы және инелері болады. Опунциидің жапырағы ұсақ 2-5 мм. Олар өте шырынды. Көктемде өте қысқа мерзімге пайда болады., одан кейін солып жерге түседі Опунциидің тұқымы ішінде өседі. Кактусты өте ертеде медицинада пайдаланады. Ол-ревматизм, жүрек ауруына ем. Кактус гүлдері өте әдемі, ал кактустың өзі әр түрлі әрі қызық. Көбінесе бұл өсімдікті үйде өсіреді.
Осы қызық өсімдік біздің үйімізде гүл ыдыстарына қатып қалған сияқты. Олар өте баяу өседі, сирек гүлдейді. Оларды тіпті суармай-ақ қоюға болады. Бұл жасыл дөңгелек тікенекшелер өмірге бейімсіз түр танытады. Бірақ осы сүйкімсіз өсімдіктер кенеттен, күтпеген жағдайда гүлдейді.
Опунция Мексиканың гербін әрлдендіреді.
Нотокактустың өне бойына бір мезетте бір немесе көп жұлдызға ұқсаған гүлдер шығады. Көп жылдық жаңғақ тәрізді дөңесқабырғалы кактусты әдемі, бірнеше ашық әрі нәзік гүлдер шығып әшекелейді.
Кактустар түсіне, көлеміне қарай әртүрлі. Ең ірі кактус-селеноцерус, оның ұзындығы-24 см. Оны кактустардың ішінде ең әдемесі деп «Түн патшасы» деп атайды. Оның ақ гүлдері түнде ашылып, күн шығысымен қайта жабылады. Кактустар баяу, жылына 2-3 см-ге өседі.
Кактустың көптеген түрі Перу, Чили; Аргентина шөлді далаларында өседі. Кактустың көбінде хлорофил болады. Тікенектерінің ұзындығы
25 см-ге дейін жетеді. Ол өсімдікті күннің көзінен сақтайды, жоғарғы жағына ылғал жинайды.
Кактустың ерекше жері: тікенегі, сабағы, гүлінің іші шырынға толы болады. Олардың ареолдар дейді. Ареолдар кактустарда ғана болады. Олардың ерекшелігі осында. Олар ауаның ылғалын жұтып, одан жерге түсіп бекиді және осылайша көбейеді.
Кейбір кактустың инелерін кей жерлерде тарақ, щётка ретінде пайдаланады. Карезон кактусы қан тоқтатуға көмектеседі,өйткені шырын кесілген қан тамырларын жабады. Кактустың кішкене бөлігін таза пышақпен кесіп ал да, оны жараның бетіне салып, қатты қысып тұрыңыз. Қан тоқтаған кезде кактусты жараның бетіне салып, жалпақ матамен қысып таңып тастаңыз. 2—3 сағаттан соң таңуды алып, жараны қайнаған сумен және сабынмен жуып тазартыңыз.Кактус шырынын жараны тазарту үшін де пайдаланады.
- Америкалық селекционер Лютер Бербанктің еңбегі.
Кактус өсімдігі бізде тек оранжереяларда әсемдік және үй өсімдігі ретінде ғана өсіріліп келеді. Алайда, кейінгі жылдары бұл өсімдікке халықтың қызығушылығының артқаны сондай, бұған арналып толып жатқан кітаптар шықты. Кактус өсіретін мекемелерге әуесқойлардан күніне ондаған хаттар келіп түсіп жатады. Халықты соншалықты қызықтыратын мұның қандай қасиеті бар? – дейсіз ғой. Мұның адам қызығатын қасиеті көп.
Бәрі ретімен …
Кактустың бірінші қасиеті – пішінінің құбылмалылығы және түрінің көптігі. Біз көріп жүрген оранжереяларда өсетін кактустардың өзінен-ақ мың құбылған түрлері мен формаларын кездестіруге болады.
Ұшы – қиыры жоқ түстік Американың бұл сахарасының қай түпкіріне барсаңыз да денесін тік көтеріп, маңғаздана өсіп тұрған өсімдікті көруге болады. Бұл – цереус деген кактус. Биіктігі жиырма метрге жететін бұл кактустың жерді жарып шыққан етжеңді бөлігі орта шеніне барып, қайтадан жуандап кетеді.
Америкалық селекционер Лютер Бербанк бес жылдан аса уақытын жер жүзінен кактустың көптеген түрлерін жинап, оның биологиясын зерттеп, будандастырудың әдісін ойлап табуға жіберді. Бірақ, ғалымды жұмыстың ең қиыны алда күтіп тұр еді. Бұл жөнінде ғалым кейін былай деп естелік жазды: « Бес жылдан аса уақыт бойы кактустың гүлдеу кезін зерттеу мен үшін күні – түні бірдей азап болды. Әлденеше рет енді кактуспен жұмыс істемеспін деп шын жүрегіммен бекіндім. Сол кездегі өз жағдайымды еске түсіріп отырып, сол жұмыстарды қайталап шық десе, ешуақытта келісім бермес едім ».
Ғалым он мыңнан аса кактус өсімдігімен күні – түні жұмыс істеді. Толып жатқан қиындықтар ғалымның жолын кес – кестей берді. Мысалға, кактустың тозаңдануы күннің ең ыстық кезінде жүреді және бұл кезде гүлі
15 минут қана ашық тұрады. Ал, аптап ыстықта әр гүлдің ашылуын аңдып тұрып, мыңдаған гүлді қолдан тозаңдандыру керек. Бұл ғалымның қанша уақытын алып, жүйкесін жұқартқандығы өзінен — өзі түсінікті.
Ақырында, ол тікенексіз кактустың өте құнды буданын алды.
Кактустың мал азығындық сапасына келсек, ол өте жұғымды. Шөл, шөлейт жерде бұл қуатты кактуспен тамақтанған ірі қара, шошқа және үй құстары ешуақытта су іздемейді, тез салмақ қосады. Себебі суы да, жемі де сол кактустың ішінде. Бір қызығы, бұл жануарлардың еті де айрықша дәмді болады. Бербанк қарусыздандырған Опунция кактусы басқа туыстарына қарағанда, өте ыстық кезде отырғызғанды жақсы көреді. Мамыр мен қыркүйек айларының арасындағы ыстық және құрғақ кезде олар жақсы көбейе алады.
Өсімдіктің денесінің қай жері болсын: мейлі ол сабағының бір түйірі, гүлі, тіпті жетілмеген жемісінің өзі жаңа жерге отырғызылғанда өсіп кете береді. Бербанк тіпті оның еденде, асханадағы пештің үстінде де өсіп тұра бергенін байқаған.
Опунцияның бір түйірін салқындау кезде отырғызу керек болса, оны аздап кептіріп алса болды өсе береді. Ал отырғызатын өсімдікті қалай болса солай: қырынан да, жатқызып та, тігінен де, көлденеңінен де отырғыза беруге болады.
Бұл кезде топырақтың тереңдік тәртібін сақтаудың түкке қжеті жоқ. Кактустан жиналатын жасыл массаның жартысына жуығы – оның жемісі.
Ашық қызыл түсті өте әдемі жемісінің дәмі инжирдің дәміне ұқсайды. Оны жастай да, консервілеп те жейді, джем және варенье жасайды.
Алынатын пигменті құнды бояу заты ретінде кондитер және балмұздақ өндірісінде пайдаланылады.
Опунцияның денесінде тіршілік ететін өте кішкентай кошенин құрты да іске жарайды. Оларды кептіріп қойса, ашық қызыл түсті, өте құнды – кармин деген бояу зат алуға табылмайтын шикізат көрінеді
Міне, тентек кактустың сыры осындай екен.
- Кактусты күту әдістері.
Ине түктес кірпіге ұқсап қалған кактустар өзінің әсем гүлдерімен әрі төзімділігімен ерекшеленеді. Кактустар әр түрлілігімен адамды өзіне баурап тұрады. Бұл өсімдіктерге аса күтім қажет. Формасының түзу сақталуы үшін жарық көп түспей, топырағы қалыпты температурада тұрғаны жөн.
Кактустар күздің соңына дейін жүйелі түрде өседі. Қысқа қарай оларды жақсылап суарып көлеңке жерге қояды, сөйткенде ерте көктеммен бірге көктейді. Қыс бойы өсімдік көлеңкеде тұрғандықтан оны күн сәулесі көп түсетін жарық жерге бірден қоймау керек. Кактустарды сәуірдің басына дейін сусыз ұстаған жөн. Ара – тұра дымқылдандырып отырғанымыз болмаса, наурыздың ортасынан бастап қана жақсылап бір суарып алып, содан соң бірте – бірте суды азайту керек. Бұл өсімдікті тұқым сеуіп отырғызуға да болады
Негізінде кактустарды ақпан мен наурыздың аралығында отырғызған жөн. Терең, кең ыдысқа отырғызу дұрыс емес, мұндай ыдыстан ыстық леп шығып, буланып тұрады. Қыш ыдыстан гөрі пластик ыдысқа отырғызған жөн.
ҚОРЫТЫНДЫ « БӨЛМЕ ЖӘНЕ ОРАНЖЕРЕЯ ӨСІМДІГІ РЕТІНДЕ
ҚҰРМЕТКЕ ИЕ БОЛҒАН ӨСІМДІК »
Бөлмеде өсетін өсімдіктерге жақсы күтім керек. Бұларды дұрыс суару, топырағын қопсыту, таза ұстау, үстеп қоректендіру, берілетін тыңайтқыштардың мөлшерін, түрлерін білу — әрбір оқушының міндеті.
Жасыл өсімдіктер және солар арқылы табиғаттағы зат алмасуы жер бетінде тіршіліктің болуын қамтамасыз етеді. Жасыл өсімдіксіз жерде тіршіліктің болуы да мүмкін емес. Қазақта « Бір тал сындырсаң, он тал ек » деген өсиет бар.
Қоршаған ортаны ластанудан сақтау үшін техникалық құралдарды жетілдірумен бірге өсімдіктерді кеңінен пайдаланудың тиімді екені келтірілген мысалдардан айқын көрінеді. Өсімдіктердің адамға тигізер пайдасы сан алуан. Олар тамақ та, киім де, құрылыс материалы да, мал азығы да болып табылады.
Әсіресе, өсімдіктердің денсаулық сақтаудағы ролі ерекше, олар көптеген ауруларға дәрі ретінде пайдаланылады, сондықтан өсімдіктердің әрқайсысын бағалап, оларды қорғай білуіміз керек. Мысалы, кактус өсімдігіне тоқталсақ: мал азығы да, су да, джем және варенье де, табылмайтын шикізат та бола алады. Кактус қан тоқтатуға көмектеседі,
өйткені шырын кесілген қан тамырларын жабады. Кактус шырынын жараны тазарту үшін де пайдаланады.Өзіміз мекендейтін аймақты көгалдандыру арқылы өсімдік байлығын көбейтіп, өз денсаулығымызды сақтауға да үлес қосамыз. Кактусты компьютердің қасына қояды.Өйткені кактус электр қуатын өзіне тартып алып біздің денсаулығымызға зиян келтіруден қорғайды.Сондықтан әрбір мектеп оқушысы жасыл желектердің досы болуды өзінің адамгершілік борышы деп қарауы керек.
Сөзімнің соңында кактустың осыншама қызықты жайлары мен пайдасын білгеннен кейін сіздерді де кактусты жақсы көруге, оны күтіп баптауға шақырамын.
Қолданылған әдебиеттер
1.Әбілев Д.Өсімдіктер тіршілігінің кейбір сырлары «Мектеп»Алматы-1978
2.П.С. Массагетов «Өсімдік әлеміне саяхат».
3. С.Турдиев,Р:Седых,В.Эрихман Кактусы «Қайнар»Алма-Ата 1974
4. Шаңырақ үй-тұрмыс энциклопедиясы Алматы -1989
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Орталық Қазақстандағы Жас зерттеушілердің шағын ғылыми академиясы
Тақырыбы:
Кактус
гүлі
Орындаған: Ахметова Акжан,
4 «А» сынып оқушысы.
Жетекшісі: Кузембаева Ляззат Дюсенбаевна,
Бастауыш сынып мұғалімі,
Бұрма орта мектебі, Шет ауданы.
Қарағанды — 2010
Опунций кактусы
Опунцийдің жапырағы ұсақ 2-5 мм. Олар өте шырынды. Көктемде өте қысқа мерзімге пайда болады, одан кейін солып жерге түседі. Опунцийдің тұқымы ішінде өседі. Кактусты өте ертеден медицинада пайдаланады. Ол — ревматизм, жүрек ауруына, тері ауруына, қант ауруларына ем.
Мысалы: 100 г опунцияның құрамында 1 г — белок, 0,2 г — май, 22 г — көміртегі,
40 мг — кальций, 56 мг — фосфор, 0,6 мг — темір, 4 мг — натрий, 331 мг — калий,
130 МЕ — А витамині(каротин), 0,02 мг — тиамин (витамин Е), 0,06 мг- балық майы (витамин В 2), 0,7 мг — ниацин, 45 мг — аскорбин қышқылы.
Опунцияның каллорилығы — 84 килокаллорий. Кактус гүлдері өте әдемі,
ал кактустың өзі әр түрлі, әрі қызық. Көбінесе бұл өсімдікті үйде өсіреді.
Осы қызық өсімдік біздің үйімізде гүл ыдыстарына қатып қалған сияқты. Олар өте баяу өседі, сирек гүлдейді. Оларды тіпті суармай-ақ қоюға болады. Бұл жасыл дөңгелек тікенекшелер өмірге бейімсіз түр танытады. Бірақ осы сүйкімсіз өсімдіктер кенеттен, күтпеген жағдайда гүлдейді.
Нотокактус
Нотокактустың өне бойына бір мезетте бір немесе көп жұлдызға ұқсаған гүлдер шығады. Көп жылдық жаңғақ тәрізді дөңесқабырғалы кактусты бірнеше әдемі ашық, әрі нәзік гүлдер шығып әшекейлейді.
Олар жай өседі, 3-5 жылда ғана гүлдейді. Ашылған гүлдері 5 күнге
дейін немесе одан ұзақ тұрады.
Нотокактус жаз мезгілінде гүлдейді.
Селеноцереус кактусы
Ең ірі кактус — селеноцереус, оның ұзындығы — 24 см. Селеноцереус кактустардың ішінде ең әдемісі болғандықтан оны «Түн патшасы» деп те атайды. Оның ақ гүлдері түнде ашылып, күн шығысымен қайта жабылады. Оның хош иісі әтірге ұқсас. Кактустар баяу, жылына 2-3 см-ге өседі. Бұл кактустан жүрекке қажетті емдік дәрі жасалынады. Ол дәрі «Патшаның алтын емі» деп аталады. Кактустың емдік қасиеті жоғары.
Карезон кактусы
Карезон кактусы қан тоқтатуға көмектеседі, өйткені шырын кесілген қан тамырларын жабады. Карезон кактусын қан тоқтатуға қолдану тәсілі: кактустың кішкене бөлігін таза пышақпен кесіп алып, оны жараның бетіне салып, қатты қысып тұрыңыз. Қан тоқтаған кезде кактусты жараның бетіне салып, жалпақ матамен қысып таңып тастаңыз. 2-3 сағаттан соң таңуды алып, жараны қайнаған сумен және сабынмен жуып тазартыңыз. Кактус шырынын жараны тазарту үшін де пайдаланады.
Опунция Мексиканың гербін әрлендіреді
Лютер Бёрбанк
Американдық селекционер, бағбан
Американдық селекционер Лютер Бербанк бес жылдан аса уақытын жер жүзінен кактустың көптеген түрлерін жинап, оның биологиясын зерттеп, будандастырудың әдісін ойлап табуға жіберді. Бірақ, ғалымды жұмыстың ең қиыны алда күтіп тұр еді. Бұл жөнінде ғалым кейін былай деп естелік жазды:«Бес жылдан аса уақыт бойы кактустың гүлдеу кезін зерттеу мен үшін күні-түні бірдей азап болды. Әлденеше рет енді кактуспен жұмыс істемеспін деп шын жүрегіммен бекіндім. Сол кездегі өз жағдайымды еске түсіріп отырып, сол жұмыстарды қайталап шық десе, ешуақытта келісім бермес едім».
Ғалым он мыңнан аса кактус өсімдігімен күні-түні жұмыс істеді. Толып жатқан қиындықтар ғалымның жолын кес-кестей берді. Мысалға, кактустың тозаңдануы күннің ең ыстық кезінде жүреді және бұл кезде гүлі 15 минут қана ашық тұрады. Ал, аптап ыстықта әр гүлдің ашылуын аңдып тұрып, мыңдаған гүлді қолдан тозаңдандыру керек. Бұл ғалымның қанша уақытын алып, жүйкесін жұқартқандығы өзінен-өзі түсінікті.
Ақырында, ол тікенексіз кактустың өте құнды буданын алды.
Биология пәнінің мұғалімі Кушкенова Айгүлден мәліметтер жинау үстінде
Интернет жүйесінен мағлұматтар іздестіруде
Мектептің шағын гүлбағындағы кактустерді бақылау
Кактусты күту
Кактустың емдік қасиеті
Мектеп гүлбағына саяхат
Жас зерттеуші Ахметова Акжан
ғылыми жетекшісі Кузембаева Ляззатпен бірге
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
u-s.kz
Кактустар туралы қазақша реферат | Bigox.kz
Кактустар туралы қазақша реферат
Кактустар қоршаған орта ауа – райының қолайсыздығына байланысты өз тіршіліктерін жалғастыру үшін түрін өзгерткен ксреофиттер болып табылады. Олардың өмірі оршаған ортамен,әсіресе топырақпен және климатпен тығыз байланысты. Осы себептерге байлаысты оның анатомиялық тұрғыдан мүшелерінің түрі өзгеріке ұшыраған. Мысалы: жапырақтары күн сіулесінің ең жоғарғы температурасы тікелей түсуіне байланысты ішкі су қорының сарқылып тез таусылмасы үшін тікенге айналып кеткен. Олар негізінен экватор бойындағы(Оңтүстік және Солтүстік Америкада) шөлді құмдарда, тасты жондарда, биік құздардың, жартастардың жарықтарында, құнарсыз әк тастары бар топрақтарында өседі.
Кактустарды үй жағдайын да өсіру үшін керекті топырақтың құрамы мынадай болады: 2 үлесі шым топырақ, 2 үлесі жапырақ− топырақ, 1 үлесі аздап араласқан құм.
Кактустарды жиі суаруға болмайды. Жас кактустарды аптасына, ересектерін − екі аптада бір рет суарса жетеді. өте жиі суарылған кактус әдетте гүлдемейді. Қыста айына екі рет, көктемде 10−12 күнге бір рет суарып тұру керек.
Суккуленеттер оңтүстік Африканың шөлдерінде өсетін қуаншылыққа төзімді өсімдік. Ол үйде көп өсіріледі, бірақ тым сирек гүлдейді. Жапырағы етті, шырынды түсі күңгірт жасыл таспаға ұқсас. Сабағы кейде сүректі болады. Гүл өсіруші әуесқойлар бұл өсімдікті әсіресе дәрілік қасиеті үшін көбірек қсиеті үшін көбірек өсіріледі. Алоэ өсімдігінің шырыны қазіргі уақытта көптеген ауруларды емдеу қолданылады.
Жүзжылдықты жедел жәремші деп атауға болады. Жүзжылдықты пайдалану үшін, оның күтімі мен қасиеттерін білу қажет. Жүзжылдық деп аталуы жүз жылда бір рет гүлдейді дегеннен шыққан. Жапырақтары шырынды, ұзын сүйір, қатты, қалың қабықты, шеттері өткір тікенекті болып келеді. Шыынында бактерицидтер көп болғандықтан медицинада үлкен қолданыста. Ауа тазартуда да басқа бөлме гүлдеріне қарағанда фитонцидтерді көп бөледі. Фитонцидтер ауадағы бактерияларды жояды. Осындай керемет қасиеттері бола тұра, күтімі өте жеңіл өсімдік. Жарық сүйгіш, тіке түскен күн сәулесіне, құрғақ ауаға төзімді. Бірақ өсімдіктің жапырақтарын шаң-тозаңнан су бүркіп немесе жуып тазалап тұру қажет. өйткені шаң басып тұрған гүл бізге қызмет жасай алмайды.
.
Тағы рефераттар
bigox.kz