HomeРазноеКактус өсімдігі – Индийский кактус. Полезные свойства. Противопоказания к применению.

Кактус өсімдігі – Индийский кактус. Полезные свойства. Противопоказания к применению.

Кактус — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кактус (Cactaceae) – қос жарнақты көп жылдық, шырын сабақты шөптесін өсімдік; әдетте, жуан, етженді, шырынды сабақтары тікенекті, түкті, қылтанақты болады. Кактустың бұта, ағаш, лиана тәріздес түрлері де кездеседі.

Кактустердің Американың шөлді аймақтарында, Оңтүстік және Оңтүстік Американың ылғалды жерлерінде, тропиктік Африкада және Мадагаскар аралы мен Шри-Ланкада өсетін 220 туысы, 3000-дай түрі бар. Сондай-ақ, Аустралияда, Үндістанда, Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде жерсіндірілген.

Қазақстанда сәндік өсімдік ретінде үйде, немесе оранжереяда өсіріледі. Кактус сабағы шар, жұмыртқа, цилиндр, діңгек, жапырақ сияқты жалпақ пішінді, бунақталған болады, түсі жасыл. Сабағының биіктігі 2 – 5 см-ден 10 – 15 м-ге дейін жетеді. Сабағының қабығы мен өзегінде су жиналады, мысалы, кейбір ірі кактустердің сабағында 2000 л-ге дейін су болады. Олардың бір ерекшелігі – суды үнемді пайдалануында.

Техас кактустерін зерттеу нәтижесінде, үш ай қуаңшылық кезінде де көпқылтанды опунция (Opuntіa polyacantha) сабағының құрамында 81% су сақталғаны байқалды. Көпшілігінің жапырақтары болмайды (нағыз жапырақ тек – перескияда сақталған), кейбір түрлерінде біз сияқты (опунцияда), немесе қабыршақ тәрізді (рипсалисте) келеді. Гүлі дара орналасқан, алуан түске боялған. Аналығы 3, кейде көптеген жеміс жапырақтарынан тұрады. Аталығы өте көп (мысалы, карнегиде 3500-ға жетеді). Жемісі – етті, жидек тәрізді. Кактус тағам (жемісі мен шырынды сабағы), діңі – отын және құрылыс материалы ретінде пайдаланылады. Кейбір түрлерінен (лофофора, селеницереус) дәрілік препараттар жасалады.

[1]=== Пайдасы === Кактус гүлі компьютер бөлмеде тұрғаны өте пайдалы. Ол көздің бұзылмауына үлкен үлесін тигізеді. Бірақ жатар бөлмеге қоюға тыйым салынады. Одан көптеген дәрі-дәрмектер жасайды

Сілтемелер[өңдеу]

  1. ↑ Қазақстан Энциклопедиясы

Сыртқы сілтемелер[өңдеу]

kk.wikipedia.org

Кактустер — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кактустер - кактустер тұқымдасына жататын көпжылдық суккуленттер. Америка континентінің шөл және шөлейт далаларында жиі кездеседі. Кактустердің көптеген түрлерінің жапырақтары жойылып, тікенектерге айналған, сабақтары суға толы резервуарға ұқсас. Барлық кактустердің ареолдары бар, олардан гүлдер өсіп шығады, яғни «өркен» кактустер пайда болады. Өзіне тән сыртқы әсемдігіне құлпыр ған гүлі үйлесімді келетін бұл өсімдік бөлмеле гүл өсірумен шұғылдан ат ын әуесқойлар арасында кеңінен танымал. Бөлмені сәндеу үшін оның мына түрлері мен топтары ұсынылады. Пейрескиялар жапырақты, ірі бұта сияқты өседі, тамыры әлсіз кактустермен будандастыруға қолайлы.

Опунциялардың тікенекке қоса ұсақ түрпілер (глохидиялар) өсіп шығатын, теріге және киімге оңай қадалатын жалбыз тәрізді өсінділері және ареолдары болады. Олар сәндік үшін өсіріледі.

Цереустер. Бағана тәрізді қырлы сабақтары ерекше төгіліп тұратын ұзын, не қысқа қылтан ақтары немесе жалаңаш және көкшіл (цереус, цефалоцереус, эспостоа, ореоцереус, лемереоцереус, трихоцереус) түрлері болады. «Кірпі тәрізді» кактустер тобы — дөңгелек формалы және тікенектері көп (аты осыдан шыққан) кактустер. Бөлмеде өсіру үшін эхинопсис, эхинокактус, эхиноцереус, ребуция, айлостера, лобивия және буркемелобивия, пародия, гимнокалициум, ферокактус, хаматокактус т. б. қолайлы.

Маммилляриялар — бүртікті кактустер тобы; формалары мен тікенектері түрліше болып келеді. Маммилляриялардың бүртіктері сабағына шырмалып өседі, ал гүлдері ареолдардың арасындағы бүртіктерден өніп шығады.

Гүлдеген кактус

Жоғарыда айтылған түрлерден басқа эпифиллюм, рипсалис, эпифиллопсис, рипсали-допсис және зигокактус деп аталатын орман кактустері де бар. Бұлардың көпшілігі — эпифиттер, сондықтан олар бөлмеде өзге өсімдікке телінгенде (мысалы, пей-рескияға) жақсы өседі. Бұл — көлеңке сүйгіш өсімдік, тура түскен күн сәулесін қаламайды, қыста үнемі ылғалдандырып отыруды қажет етеді. Оларды құм мен көмір қоспасы араласқан борпылдақ шірінді топыраққа отырғызу керек. Шөл дала кактустерін өзен құмы, кірпіш ұнтағы немесе бор және ағаш көмірі қосылған жапырақ шіріндісі аралас және шым топыраққа өсіруге болады. Бұлар — жарық сүйгіш өсімдіктер, күн сәулесін көп қажет етеді және ашық ауада жақсы өседі. Қыста кактустерді суық жерге (—60С-дан —80С-ға дейін) және міндетті түрде құрғақ орынға қойған жөн. Суықта октябрьден мартқа дейін сақталған кактусты суармайды, сонда олар жақсы гүлдейді. Оларды суарғанда өсімдік отырғызылған құмыраларды судың көпіршігі басылғанша суға салады да, содан кейін әбден құрғат ады. Құмыралардың түбіне 3—4 см-дей қалыңдықта ұсақ әйнек сынықтарын салады. Жас өсімдік ылғалды көп қажет етеді, сондықтан оларды қыста айына бір рет суарады және топырағы қатты құрған кетпеуін қадағалан отырады. Ересек кактустерді құрғату қиын, сондықтан олар сәл ғана судан оп-оңай шіриді. Қыста суды азайту кактустерге тиісті тыныштық кезеңін бермейді. Бұл үшін төмен температура қажет. Кактус тұрған терезе алдын бөлмеден шыны немесе полиэтилен пленкалар арқылы қалқалауға болады. Кактустерді отырғызу аса ұқыптылықты талап етеді. Тұқымды жартысы жапырақ аралас топырақ болып келетін шайылған өзен құмына егеді. Өркендері топырақ бетіне өніп шыққанша температура 25—30 С болуы тиіс және суды бүріккішпен себеді. Алғашқы күндері ыдысты шынымен жабу керек. Жақсы өсіп жетілу үшін кететін бірнеше рет сирету керек. Бірінші жылы оларды аса құрғап кетуден, шақырайған күннен және жел өтіиен сақтаған жөн. Кактустерді қалемшелерінен өсірген тиімді. Қалемшелерді өткір пышақпен кесіп алады да, оған күкірт немесе көмір сеуіп, 3—4 күн келтіреді. Қалемшелерді шайылған өзен құмында тамырландыру керек (қолайлысы қыздырылған құмда). Тамыр жайысымен қалем-шелерді шағындау ыдыстарға көшіріп отырғызуға болады. Топырақ кесектері кеуіл, тамырдан оңай ажырайтындай болуы үшін көшірт отырғызбастан 3—5 күн бұрын суаруды тоқтатады. Көшірт отырғызу кезінде абайсызда жарақат түскен түбіршіктері шірімес үшін көлеңкеге қояды, 5 күнге дейін суармайды. Көшіріл отырғызуға ең қолайлы уақыт — көктем.

[1]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Кактус

kk.wikipedia.org

Кактус туралы қазақша реферат | Bigox.kz

Кактус туралы қазақша реферат

Кактустың 3500-ге жуық түрілері бар. Олар негізінен экватор бойындағы(Оңтүстік және Солтүстік Америкада) шөлді құмдарда, тасты жондарда, биік құздардың, жартастардың жарықтарында, құнарсыз әк тастары бар топырақтарында өседі.

Орталық Америкада жауын- шашын тым аз болады. Бұл жерлерде құрғақ  ауалы мерзім августан(кейде майдан) казанға дейін созылады. Қазаннан мамырға дейін жауған жауын -шашынның  жалпы саны жылына 200-250 мм аспайды. Кейбір қуаншылық жылдары жауын-шашын тек қана 100 мм  болады.

Кактус өсімдіктері тек құмды, тасты  жерлерде ғана емес , сонымен бірге Бразилия, Колумбия, Перу, Боливия сияқты  елдердің мәңгі жасыл тропиктік ормандарында өсетін көптеген түрлері кездеседі. Оның осы жерлерде, ағаштың бұтақтарында , жартастардың күн жақ ашық   жерлерінде өсетін түрлерін ботаника тілінде эпифитті кактустар деп атайды.

Кактустар әдемі гүл өсімдіктер қатарына жатады.

Гүлдерінің көз тартарлықтай әдемілігін ескермегенде оның алуан түрлі сүйкімді ( ваниль, алма, магнолия, жидек т.б) иістері болады. Бұл ғажап иістер кактустың тікен басқан сырт көрінісімен үйлесе қоймайды. Жергілікті халықтар кактустардың жемісін пайдаланады. Оның үлкендігі бұршақтай және тауықтың жұмыртқасындай жемістерін халық шикілей де, пісіріп те, кептірген күйінде де жей береді. Олардың кейбіреулерінің , яғни церустің балғын сабағынан салат жасайды. Церустерден  жүрек ауруына қарсы дәрі әзірлейді.

Кактустардың осындай қасиетіне және күтімді көп керек етпейтініне байланысты  көптеген жерлерде өсіреді. Қазақстанның оңтүстік  аудандарында ашық ауада да өсіріледі.

Кактустардың жуан да етті сабақтары алуан түрлі болады. Олардың ішінен биіктігі бірнеше сантиметрден  бір жарым  метрге жететін бағана, шар тәрізді түрлерін немесе бунақталған бұтақты түрлерін кездестіруге  болады. Олар тегіс те, қырлы да, шұқырлы да  бола береді. Кактус сабағының жапыраққа ұқсаған жалпақ түрлері де бар.  Кактустың басым көпшілігінде жапырақ болмайды. Оның орнына түсі және  ұзындығы әртүрлі тікендер мен қылтанақтардың ылғал мен жылудың сақталуына жәрдемдеседі және өмімдікке көрік беріп тұрады. Ал перейская деп аталатын кактустар әдетте жапырақты болады.  Ондай жапырақтардың пішіні лимон өсімдігінің  жапырағына ұқсайды. Гүл әуесқойлары көбірек өсіретін кактустар 3 топқа бөлінеді. Олар: перейская, опунция, церус  топтары деп аталады. Перейская  тобына сабағы дөңгелек,  жапырағы жалпақ  ағаштар  мен бұталар  жатады.  Бұлар үйде көп өсіріле бермейді. Опунция  тобына  етті де жуан,  кейде  жалпақ не дөңгелек, бунақталған сабағы бар  бұталар  жатады. Олардың  жапырақтары ерте  түсіп  қалады.  Үйде  өсіргенде  гүлдемейді. Өздері тікенекті келеді. Суыққа төзімді болады. Сондықтан  еліміздің  оңтүстігінде – Қырымда, Кавказда, Түркменстанда кактус опунция  ашық ауада өседі. Ұсақ түкті және ақ түкті  опунцияның екі түрі ғана үйде өсіріледі.

Кактус өсімдігіне әуестенген гүл әуесқойлары опунцияның түкті сабақты, көп тікенді, жұлдыз тікенді өте көрікті түрлерін өсірулері қажет.Цереус  тобына  оның бірінен бірінің едәуір айырмашылығы бар туыстары жатады. Бұлар Оңтүстік Американың  орталық және шығыс аймақтарында  кездеседі. Өздері бұтақты, қырлы болады, қырларын тікен жауып тұрады. Үйде цереустың мынадай түрлерін өсіруге болады.

Б а у м е н     ц е р е у с і .  Шыққан жері- Перу. Биіктігі 2 м дейін, сабағы бағанаға ұқсас. Гүлі түтік тәрізді, түсі күрең сары, ұзындығы 6-7 см жетеді. Жемісі қызыл түсті, ірі.

І р і   г ү л д і     ц е р е у с і.   Болмаса түн падишасы. Сабағы шырмалған төрт қырлы болды. Тікендері  ұсақ келеді. Гүлінің диаметрі 20 см түтік тәрізді, күлтелері бірнешеу, түсі ақ, ваниль иісті, күнде кешке қарай бірнеше сағат бойы гүлдеп тұрады.

Алып   цереусі. Мұның  биіктігі 15м. Сабағы бағана тәрізді, бұтақтанған болады. Қыры онша өткір емес, тікендері шоқтанып бітеді. Ірі қызғылт гүлдеріне жұмыртқа сияқты жеміс байланады.

Мөлдір   цереус . Бұл – Бразилиядан  тараған биіктігі 3 м, жуандығы 35 см жететін өсімдік, 6-7 қырлы тікенді, түсі ақ, гүлдері өте ірі. Жемістері күрең қызыл түске боялады.

Филлокактустар. Орталық және  Оңтүстік  Американың ормандарындарында  кездеседі. Үй жағдайына көнгіш. Көбіне қызыл, ақ қызғылт гүлді гибрид  болып келеді. Әдетте  көктемде, кейде екінші рет күзде гүлдейді. Сабағы бунақталған жалпақ және үш қырлы болып келеді. Воронка тәрізді ірі гүлдері осы қырларына бітеді. Көптеген филлокактустардың ішінде Аккерман және Гукер сортты филлокактустарды өсіруге болады.

Филлокактустарды  тұқымы  арқылы  да көбейтуге болады. Ол үшін гүлдерді қолдан тозаңдандырады.

Жемісі жұмыртқаның үлкендігіндей. Оны жеуге болады. Себуге қажетті тұқымдарды  жемістерден айырып алып, сол бойда егу керек.

Тозаңдандырғанда еске алатын  бір жайт мынадай. Филлокактус өсімдіктері    тоғыспалып  тозаңдандыруды  қажет етеді. Ол үшін әр түсті  гүлі бар  өсімдіктерді ғана бір- бірімен тозаңдандырады. Ол үшін әр түсті гүлі  бар өсімдіктерді өзара будандастыруға  болмайды. Өйткені  өзара будандастырылса жеміс байламайды.

Эпифиллюмдер .Үйде  көп  өсіріледі, мұны кейде эпифиллюм трункатум деп те атайды. Сырт пішіні филлокактустерге ұқсайды, бірақ аласа болады. Қазан − қаңтар айларында гүлдейді.

Эхинокактустер немесе кірпі кактус.  Мексикада  таралған бұл өсімдік  шарға  немесе цилиндрге ұқсас. Сабағы қырлы, қатты тікендері топтанып, қырларына өседі. Үй жағдайында  оның мынадай түрлері кездеседі: жылтыр эхинокактус, оның тікендері қайқиған, қыры жалпақ, өздері шағын болады. Висицени эхинокактусының қырына жанаса орналасқан бүртіктеріне қызыл қоңыр тікендер өседі; Грузия эхинокактусы, шар тәрізді домалақ келеді, сабағы 17-20 қырлы, тікендері сары болады; скоп эхинокактусының кішкене  бүртіктеріне ақ тікен шығады, гүлі қызғылт болады.

Алып кірпігүл

Эхинокірпігүлі (Echinokaktus) − дүние жзіндегі ең үлкен кірпігүл. Кейбіреуінің диаметрі−1,5м жетеді. Биіктігі ұзынырақ болуы мүмкін, бірақ олар негізінен шар тәріздес болады. Бұл туысты 1827 жылы Генрих Линк пен Кристофер Отта жеке туыс ретінде сипаттап жазған болатын. Оған дейін оны Мелокірпігүлі (Melocactus)туысына жатқызатын. XIX ғасырда Эхинокірпігүлі туысына 100-ге жуық түр кірсе, қазір ол жинақталып тек он шақты түрден тұрады.

Екінші атымен айтқанда barrelcactus- күбі кірпігүлі. Жасы жүз жылдан асқан күбірлердің салмағы бірнеше тоннаға жетеді.

Гигант кірпігүлдің тікенектері өте қауіпті болуы мүмкін. Табиғатта алып кірпігүлдер Техаста, Солтүстік-Шығыс Мексикада өседі. Бұл жерде осындай тікенектілерге жылқылар көп жарақаттанады екен. Осыған байланысты жергілікті халық оны «жылқыны жаралаушы» деп атап кеткен.

Эхинокірпігүлі қабырғаларға бөлінген, оның саны 30 шақты. Оларды тізіліп сары тікендері қаптайды. Сондықтан оны кейде «алтын шар» дейді. Ал «эхино» атауы кірпішешенге ұқсатып қойылған, яғни  латынша «echinus»-«кірпі» деп аударылады.

Тікенектері өте ұзын, үшкір, қатты болады. Зерттеушілер эхинокірпігүлінің осы тікенектері арқылы жел соққанда заряд пайда болады және осы зарядтар тамырға барып, құрғақ топырақтан суды жинауға көмектеседі дейді.

Бөлмеде өскен өсімдік тек үлкейгенде ғана гүлдейді. Ал олар өте ақырын өседі.

Кейбір кірпігүлдерде соның ішінде эхинокірпігүлге жұмсақ тікенекті домалақ қалпақ орналасқан. Ғалымдар оны цефалия (грекше cephalus-«бас») деп атайды. Осы қалпақтан гүлдері шығады. Бұндай қызықты зерттеушілер эволюцияда тікенектілердің гүлдейтін және ұрық беретін жеке мүше жасау қабілеті деп түсіндіреді.

Көктемнің соңында және жазда топырақ түгелдей құрғағаннан кейін су құяды. Сонымен қатар 2 аптада бір рет жеңіл суперфосфат қоспасын қосады. Қыста және көктемнің басында мүлдем суғарылмайды. Тұқымдарымен немесе үстінен өсетін өскіндерімен көбейтеді.

 Опунция

Опунция (Opuntia)- өзінің аюдың құлағына ұқсас пішінімен танымал кірпігүл. Оны ең көп таралған кірпігүлдерге жатқызады. Бұл тікенекті гүлдің туысында 200-ден астам түр бар. Атауы Еуропада ең алғаш 1754 жылғы баспаларда кездеседі. Опунция сөзі жалпы грек тілінен алынған деседі. Себебі Грецияда тікенекті өсімдіктер өсетін Lokris Opuntia деген жер бар. Отаны – Мексика, Перу, Чили елдері. Мексиканың елтаңбасында опунция белгіленген. Қазір кірпігүл Америкадан таралып, Антрактидадан басқа жер шарының барлық континенттерінде кездеседі.

Мексика халқы опунция мен кашенильдан кармин деп аталатын бояғыш зат алады. Бұл құпияны олар 1785 жылға дейін сақтаған болатын. XIX ғасырда карминді кірпігүлге бітенің кошениль деген түрін жұқартып жасаған. Бояу алу үшін осындай мақсатта оны Аустралияға апарған болатын. Бұл жерде олар ез таралып, бойы 1,5 м жететін адам баспайтын тоғайлар жасады. Оны кейін тек күйе көбелектердің көмегімен ғана жоюды қолға алды. Уақыт өте карминнің орнына жаңа синтетикалық бояғыштар келді. Оған қарамастан қазірдің өзінде Мексика және Үндістан елдерінде карминмен боялған заттарды табуға болады.

Кірпігүлдерді зерттеген ғалымның бірі – Л.Бербанк опунцияның тікені жоқ түрін шығарды. Оның негізгі мақсаты бұндай өсімдікпен малды азықтандыру болатын. Бірақ ол орындалмай қалды. Төрт түлікке бұл экзотикалық өсімдік жақпай қалды.

Опунцияны басқа кірпігүлдерден оңай ажыратуға болады. Оның «аю құлақтары» алыстан көрінеді. Жеке «құлақтары» шелпекке ұқсайды. Олар қалың, етті болғандықтан үлкен жапырақтар тәрізді. Бірақ олардың негізгі жапырақтары цилиндр тәрізді таяқтар. Оны кейбірде жас өскіншелерде ғана көруге болады және олар тез түсіп қалады. Тікенектерінің екі түрі бар. Біріншісі үлкен инелерге ұқсайды.

Екіншісі өте кішкентай, көзге көрінбейді. Оларды глохидия деп атайды. Ұсақтығына қарамастан бұндай тікенектер өте қауіпті, терігекіргеннен кейін алу қиын. Опунцияның чолла деп аталатын түрлері де бар. Чолланың ерекшелігі егер инесі теріге кірсе, ол «шелпегімен» жұлынып кетеді. Сондықтан мексикалықтар оны «секіретін кірпігүл» дейді. Ал олардың тікенегін алу мүмкін емес.

Опунцияның өмірі біткеннен кейін де инелері қауіпті, тіпті олар аяқ киімді тесіп кете алады. Табиғатта тышқандар үңгірлерін чоллалармен қоршайды. Сонда койот сияқты жыртқыштар оларды мазаламайды.

Қазақстанда оны тек үй жағдайында өсіреді. Өкінішке орай олардың көбісі гүлдемейді, бірақ ұрық беруі мүмкін. Опунция күнді жақсы көреді. Суды сирек құяды, ал қыста суғару тоқтатылады. Топырағына жапырақ үгінділері, сазбен құм қосылады. Жыл сайын топырағын ауыстырып, қайта отырғызуға болады.

Қызыл жемістері шығады. Оларды кейбір елдер тағам ретінде қолданады. Опунцияның бұндай түріне фикусиндика жатады. Оны «индиялық инжир», «тікенекті алмұрт» деп атайды. Құрғақшылық кезде басқа өсімдіктер қурағанда опунция негізгі тамаққа айналады.

.


Тағы рефераттар

bigox.kz

Кактус та гүл...

Кактус та гүл...

Жер бетіндегі ыстыққа төзімді өсімдік – кактус. Бұл өсімдік 60 градустық ыстыққа шыдай алады. Кактус өсімдіктердің дені төзе алмайтын ыстық шөл далада өсе береді.

Кактустың сабақтары әр түрлі формада болады. Бірі ұзын, бірі тым көлемді болып келеді.

Алып цереус кактусы — кактустардың ең ірісі болып саналады. Олар кейде 20 метр ұзындыққа дейін өсе алады.

Алып цереус

Эхинопсис түріне жататын кактусты көре қалсаңыз, көзіңізге үлкен кірпі елестері анық; олардың диаметрі екі метрге жетсе, ұзындығы бес метрге дейін жетеді. Ал үстін бірнеше тоннамен өлшенер тікенек басып кеткен.

Эхинопсис

Селеницериустың ұзын сабағы жылан сияқты иіріліп жерге түсіп жатады. Астрофитум кактусының тікенектері жұлдыздарға ұқсайды.

Астрофитум

Ботаниктердің дерегіне сүйенетін болсақ, жер бетінде кактустардың 3000-ға жуық түрі бар.

Кактустардың ең әдемі кезі – оның гүлдеп тұрған шағы. Тікенек басқан сабағында айрықша гүл бүршік атып келе жатқан көрініс кім-кімді де қайран қалдырады. Кактуста өсетін гүлдердің түсі әр түрлі болады: ақ, жасыл, сары, қызыл. Кейбір ерекше кактустардың гүлдеу кезінде түсін өзгертіп отыратыны тағы бар.

«Түн патшасы» деген атты иеленген кактустардың гүлі өте әдемі.

«Түн патшасы»

Бұл өсімдік – Оңтүстік Америкадағы ылғалды тропикалық ормандарда өсетін кактус. Жан-жағы сарғыш қабыршақтармен қоршалған үлкен ақ түсті гүл табиғаттың ерекше бір сыйындай. Ол тек кеш түскенде ғана ашылып, бір түн ғана гүлдеп тұрады.

Кактустардың отаны Орталық, Оңтүстік және Солтүстік Америка болып табылады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: kotofot.ru, podmoskovje.com, es.wikipedia.org

massaget.kz

Кактус (кірпігүл) | Презентация

Кактус (кірпігүл

Орындаған:Ағали Н
Тексерген:Джаманова
Г.Е
Жоспар:
Кіріспе
1.1 Кактус (кірпігүл) өсімдігіне қысқаша
сипаттама
Негізгі бөлім
2.1 Кактус өсімдігінің биологиялық және
морфологиялық ерекшеліктері
2.2 Кактус өсімдігінің халық
шаруашылығындағы маңызы
2.3 Кактус өсімдігінің негізгі таралған
аймақтары
2.4 Кактус түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кактус (Cactaceae) –
қ о с ж а р н а қ т ы к ө п
жылдық, шырын
сабақты шөптесін
өсімдік; әдетте,
жуан, етженді,
шырынды
сабақтары
тікенекті, түкті,
қылтанақты
болады. Кактустың
бұта, ағаш, лиана
тә р ізд ес т үр лер і д е
кездеседі.
1.1 Кактус
(кірпігүл)
өсімдігіне
Кактустың 3500-геқысқаша
жуық түрілері бар. Олар негізінен
экватор бойында ғы(Оңтүстік және Солтүстік
сипаттама
Америкада) шөлді құмдарда, тасты жондарда, биік
құздардың, жартастардың жарықтарында,
құнарсыз әк тастары бар топырақтарында өседі.
Кактустар әдемі гүл өсімдіктер қатарына
жатады.Кірпігүл ешқандай сәулені
тартпайды.Тыныштықты қалайтын гүл.Жылына бір
рет топырағын ауытырып, жаңа ыдысқа отырғызған
дұрыс.Кейбір адамдар кірпігүлдің тікенегін кесіп алып
тастайды,ол дұрыс емес.Яғни.күрпігүлдің гүлдемеуі
мүмкін және оның гүлдеуі үшін мол қоректенудірудің
2.1 Кактус
өсімдігінің
биологиялық
және
морфологиялық
Кактустардың жуан да етті
сабақтары алуан түрлі болады.
Олардың ішінен биіктігі бірнеше
сантиметрден бір жарым метрге
жететін бағана, шар тәрізді
түрлерін немесе бунақталған
бұтақты түрлерін кездестіруге
болады. Олар тегіс те, қырлы да,
шұқырлы да бола береді. Кактус
сабағының жапыраққа ұқсаған
жалпақ түрлері де бар. Кактустың
басым көпшілігінде жапырақ
болмайды. Оның орнына түсі және
ұзындығы әртүрлі тікендер мен
қылтанақтардың ылғал мен
жылудың сақталуына жәрдемдеседі
және өмімдікке көрік беріп тұрады.
Ал перейская деп аталатын
кактустар әдетте жапырақты
болады. Ондай жапырақтардың
К а кт у с
2.2 ы қ
і н і ң ха л
өсі м д і г а ғ
л ы ғ ы нд
ру а ш ы
ша ы з ы
ы м а ң
Гүлдерінің көз тартарлықтай
әдемілігін ескермегенде оның алуан
түрлі сүйкімді ( ваниль, алма,
магнолия, жидек т.б) иістері
болады. Бұл ғажап иістер
кактустың тікен басқан сырт
көрінісімен үйлесе қоймайды.
Жергілікті халықтар
кактустардың жемісін
пайдаланады. Оның үлкендігі
бұршақтай және тауықтың
жұмыртқасындай жемістерін
халық шикілей де, пісіріп те,
кептірген күйінде де жей береді.
Олардың кейбіреулерінің , яғни
церустің балғын сабағынан салат
жасайды. Церустерден жүрек
ауруына қарсы дәрі әзірлейді.
ак т у с
2.3 К і з гі
і ң н е г
і м д і г ін
өс а лғ ан
та р
т а р ы
а й м а қ
Кактустердің Американың шөлді аймақтарында,
Оңтүстік және Оңтүстік Американың ылғалды
жерлерінде, тропиктік Африкада және Мадагаскар
аралы мен Шри-Ланкада өсетін 220 туысы, 3000-дай
түрі бар. Сондай-ақ, Австралияда, Үндістанда,
Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде
таралған.Қазақстанда сәндік өсімдік ретінде үйде,
немесе оранжереяда өсіріледі.
2.4 Кактус түрлері
Гүл әуесқойлары көбірек өсіретін кактустар 3
топқа бөлінеді.
Олар:

перейская,

опунция,

церус

топтары деп аталады.
Перейская тобына сабағы дөңгелек, жапырағы жалпақ ағаштар мен
бұталар жатады. Бұлар үйде көп өсіріле бермейді.

Опунция тобына етті де жуан, кейде жалпақ не дөңгелек, буна қтал ған
сабағы бар бұталар жатады. Олардың жапырақтары ерте т үсіп
қалады. Үйде өсіргенде гүлдемейді. Өздері тікенекті келеді. Суыққа
төзімді болады. Сондықтан еліміздің оңтүстігінде – Қырымда, Кавказда,
Түркменстанда кактус опунция ашық ауада өседі. Ұсақ т үкті және ақ
түкті опунцияның екі түрі ғана үйде өсіріледі.Кактус өсімдігіне
әуестенген гүл әуесқойлары опунцияның түкті сабақты, көп тікенді,
жұлдыз тікенді өте көрікті түрлерін өсірулері қажет

Цереус тобына оның бірінен бірінің едәуір айырмашылығы бар туыстары
жатады. Бұлар Оңтүстік Американың орталық және шығыс
аймақтарында кездеседі. Өздері бұтақты, қырлы болады, қырларын тікен
жауып тұрады. Үйде цереустың мынадай түрлерін өсіруге болады.
Филлокактустар. Орталық және Оңтүстік
Американың ормандарындарында кездеседі. Үй
жағдайына көнгіш. Көбіне қызыл, ақ қызғылт
гүлді гибрид болып келеді. Әдетте көктемде,
кейде екінші рет күзде гүлдейді. Сабағы
бунақталған жалпақ және үш қырлы болып
келеді. Воронка тәрізді ірі гүлдері осы қырларына
бітеді. Көптеген филлокактустардың ішінде
Аккерман және Гукер сортты
филлокактустарды өсіруге болады.
Филлокактустарды тұқымы арқылы да
көбейтуге болады. Ол үшін гүлдерді қолдан
тозаңдандырады.
Жемісі жұмыртқаның үлкендігіндей. Оны жеуге
болады. Себуге қажетті тұқымдарды
жемістерден айырып алып, сол бойда егу керек.
Тозаңдандырғанда еске алатын бір жайт
мынадай. Филлокактус өсімдіктері
тоғыспалып тозаңдандыруды қажет етеді. Ол
үшін әр түсті гүлі бар өсімдіктерді ғана бір-
бірімен тозаңдандырады. Ол үшін әр түсті гүлі
бар өсімдіктерді өзара будандастыруға
болмайды. Өйткені өзара будандастырылса
жеміс байламайды.
Эхинокактустер немесе кірпі кактус.
Мексикада таралған бұл өсімдік
шарға немесе цилиндрге ұқсас.
Сабағы қырлы, қатты тікендері
топтанып, қырларына өседі. Үй
жағдайында оның мынадай түрлері
кездеседі: жылтыр эхинокактус,
оның тікендері қайқиған, қыры
жалпақ, өздері шағын болады.
Висицени эхинокактусының қырына
жанаса орналасқан бүртіктеріне
қызыл қоңыр тікендер өседі; Грузия
эхинокактусы, шар тәрізді домалақ
келеді, сабағы 17-20 қырлы, тікендері
сары болады; скоп эхинокактусының
кішкене бүртіктеріне ақ тікен
шығады, гүлі қызғылт болады.
Опунция (Opuntia)- өзінің аюдың
құлағына ұқсас пішінімен танымал
кірпігүл. Оны ең көп таралған
кірпігүлдерге жатқызады. Бұл
тікенекті гүлдің туысында 200-ден
астам түр бар. Атауы Еуропада ең
алғаш 1754 жылғы баспаларда
кездеседі. Опунция сөзі жалпы грек
тілінен алынған деседі. Себебі
Грецияда тікенекті өсімдіктер
өсетін Lokris Opuntia деген жер бар.
Отаны – Мексика, Перу, Чили елдері.
Мексиканың елтаңбасында опунция
белгіленген. Қазір кірпігүл
Америкадан таралып,
Антрактидадан басқа жер
шарының барлық
континенттерінде кездеседі.
Қорытынды
Сонымен қорыта келгенде кактус өсімдігі
қосжарнақты ,шырын сабақты
өсімідіктің бірі болып
табылады.Қазақстанның барлық жерінде
өсіріледі.
Өте көп түрлері кездеседі.Үй жағдайында
өсіруге болады.Түрлері бар көптеген.
Олар перейская, опунция, церус . Гүлдерінің
көз тартарлықтай әдемілігін ескермегенде
оның алуан түрлі сүйкімді ( ваниль, алма,
магнолия, жидек т.б) иістері болады.
Пайдаланылған әдебиеттер :
1. «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық
көпшілік журналы. №4, 2010 ж.
2. Иващенко А. А. Қазақстан өсімдіктер әлемі.
Алматыкітап баспасы, 2012.
3. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас
редактор Ә.Нысанбаев – Алматы «Қазақ
энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998

stud.kz

Ғылыми жоба "Кактус" 3-сынып

Мазмұны

І.Кіріспе-------------------------------------------------------------------------- 1 бет

ІІ.Негізгі бөлім

Алғы сөз ----------------------------------------------------------------------- 2 бет

Тікенекті,жуан және ерекше өсімдік

1.1.Кактустың түрлері, оған сипаттама ------------------------------------- 3-4 бет

1.2.Америкалық селекционер Лютер Бербанктің еңбегі -------------- 5-6 бет

1.3.Кактусты күту әдістері --------------------------------------------------- 7- бет

Қорытынды ------------------------------------------------------------------- 8 бет

Әдебиеттер --------------------------------------------------------------------- 9 бет

Кіріспе

Мәселе

Кактус өсімдігі тұрмыста қолданылған мен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады.

Мақсаты:

Бөлме өсімдіктерінің бірі кактустың түрлерін, ерекшеліктерін оқып үйрену.

Міндеттері:

  • Кактус өсімдігіне қатысты кітаптармен, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;

  • Кактустың түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету;

  • Америкалық селекционер Лютер Бербанктің еңбегімен танысу .

Нысаны: кактус

Пәні: биология

Болжам: егер біз кактус жайлы оқып білсек, онда бұл өсімдіктің көптеген сырларын ашар едік.

Нәтижесі: іздену нәтижесінде кактус шырынын пайдаланып жараны тазарту,қан тоқтату,жараға таңуға қолдану.

Қандай өсімдікті жақсы көресің?- десе, көп адам гүлді атайды. Ал мен кактусты ұнатамын.

Осы жұмысым арқылы оны дәлелдегім келеді.

СССР Мемлекетт сыйлығының

лауреаты, белгілі ақын Самуил

Яковлевич Маршак:

Болса да данасы дананың,

Өсімдік-шын тегі адамның .

Арланып жүрмеңдер ағаш деп,

Алғашқы тегіміз-ағаш, шөп.

Біз содан төзім, күш, нәр алдық,

Өміршең адам боп жаралдық.

Алғы сөз

Өсімдіктер-тірі организм, олардың сан алуан түрлері түрлі ортада тіршілік етеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша жербетінде тек гүлді өсімдіктердің ғана 300 мыңға жуық түрі өседі.

Кейінгі кездері мектеп, балабақша, салтанат сарайында, әсем ғимарат орындарында гүл өсіру мәселесіне аса мән берілетінін көріп жүрміз. Түрлері де көп. Ендеше гүлді тек жердің көркі деп түсінбей, үй жайларда өсіріп, шұғылданумен айналыссақ еш артықтық етпейді. Оларды аялап,күтсең оның да саған деген пайдасы болмақ.

Адам баласының өсімдік өсіруге ерте кезден-ақ әуестенгені бізге мәлім. Өсімдіктерді бірнеше мақсатпен өсіреді, соның бірі-бөлме өсімдіктерінің сәндік мақсатта өсірілуі. Бөлме жағдайында өсірілетін өсімдіктердің басым көпшілігі Еуропадан, Африкадан, Азиядан, Австралиядан, Американың тропиктік және сутропиктік аймақтарынан әкелінген .

Сондықтан да бөлме өсімдіктерінің алатын орны ерекше. Соның ішінен ине тектес кірпіге ұқсап қалған кактустарды алайық.

Тікенекті, жуан және ерекше өсімдік

1.1. Кактустың түрлері, оған сипаттама

Толық әрі инелі кактус басқа өсімдікке ұқсамайды. Америка ашылғаннан кейін, осы жабайы өсімдікті Еуропадан әкеле бастады, Петербургте бірінші ботаникалық бақ ашылды.

Бұл инелі жабайы өсімдіктер құрғақ, ашық, суы аз жерде өмір сүреді. Кактустың инелері жерге түссе, сол жерге кактус өсіп шығады. Оның бойы толған су. Бұл өсімдік суды бойында ұстайды. Өсімдік тамырлары арқылы маңайындағы суды өзіне тартып алады. Жерге түскенде жылдам тамырланады. Кактус ауаға ылғал жібермес үшін жуан қабықпен қапталған. Ең үлкен кактустың іші 2000 литр суға толы болады. Жануарлар үшін жақсы азық болып табылады.

Инелері көлемі жағынан әр түрлі болады: дөңгелек, түзу, жалпақ, имек әрі жұмсақ . Олардың ұзындығы 1 мм-ден 25 см-ге дейін. Инелердің қорғанудан басқа тағы бір белгісі-ауадағы ылғалды жұту.

Кактустың мынадай түрлері бар:

1.Перескии кактусы

2. Опунций кактусы

3. Нотокактус

4. Дөңгелек қабырғалы кактус

5. Алып карнегия кактусы

6. Көпқабырғалы кактус

7. Селеноцерус кактусы

8. Карезон кактусы

Мексиканы кактустар мекені деуге болады.

Перескии кактусы Мексикада, Индияда өседі. Оның тұқымы ішінде өседі. Перескии кактусының ағаш тәрізді сабағы, жапырағы және инелері болады. Опунциидің жапырағы ұсақ 2-5 мм. Олар өте шырынды. Көктемде өте қысқа мерзімге пайда болады., одан кейін солып жерге түседі Опунциидің тұқымы ішінде өседі. Кактусты өте ертеде медицинада пайдаланады. Ол-ревматизм, жүрек ауруына ем. Кактус гүлдері өте әдемі, ал кактустың өзі әр түрлі әрі қызық. Көбінесе бұл өсімдікті үйде өсіреді.

Осы қызық өсімдік біздің үйімізде гүл ыдыстарына қатып қалған сияқты. Олар өте баяу өседі, сирек гүлдейді. Оларды тіпті суармай-ақ қоюға болады. Бұл жасыл дөңгелек тікенекшелер өмірге бейімсіз түр танытады. Бірақ осы сүйкімсіз өсімдіктер кенеттен, күтпеген жағдайда гүлдейді.

Опунция Мексиканың гербін әрлдендіреді.

Нотокактустың өне бойына бір мезетте бір немесе көп жұлдызға ұқсаған гүлдер шығады. Көп жылдық жаңғақ тәрізді дөңесқабырғалы кактусты әдемі, бірнеше ашық әрі нәзік гүлдер шығып әшекелейді.

Кактустар түсіне, көлеміне қарай әртүрлі. Ең ірі кактус-селеноцерус, оның ұзындығы-24 см. Оны кактустардың ішінде ең әдемесі деп «Түн патшасы» деп атайды. Оның ақ гүлдері түнде ашылып, күн шығысымен қайта жабылады. Кактустар баяу, жылына 2-3 см-ге өседі.

Кактустың көптеген түрі Перу, Чили; Аргентина шөлді далаларында өседі. Кактустың көбінде хлорофил болады. Тікенектерінің ұзындығы

25 см-ге дейін жетеді. Ол өсімдікті күннің көзінен сақтайды, жоғарғы жағына ылғал жинайды.

Кактустың ерекше жері: тікенегі, сабағы, гүлінің іші шырынға толы болады. Олардың ареолдар дейді. Ареолдар кактустарда ғана болады. Олардың ерекшелігі осында. Олар ауаның ылғалын жұтып, одан жерге түсіп бекиді және осылайша көбейеді.

Кейбір кактустың инелерін кей жерлерде тарақ, щётка ретінде пайдаланады. Карезон кактусы қан тоқтатуға көмектеседі,өйткені шырын кесілген қан тамырларын жабады. Кактустың кішкене бөлігін таза пышақпен кесіп ал да, оны жараның бетіне салып, қатты қысып тұрыңыз. Қан тоқтаған кезде кактусты жараның бетіне салып, жалпақ матамен қысып таңып тастаңыз. 2—3 сағаттан соң таңуды алып, жараны қайнаған сумен және сабынмен жуып тазартыңыз.Кактус шырынын жараны тазарту үшін де пайдаланады.

    1. Америкалық селекционер Лютер Бербанктің еңбегі.

Кактус өсімдігі бізде тек оранжереяларда әсемдік және үй өсімдігі ретінде ғана өсіріліп келеді. Алайда, кейінгі жылдары бұл өсімдікке халықтың қызығушылығының артқаны сондай, бұған арналып толып жатқан кітаптар шықты. Кактус өсіретін мекемелерге әуесқойлардан күніне ондаған хаттар келіп түсіп жатады. Халықты соншалықты қызықтыратын мұның қандай қасиеті бар? – дейсіз ғой. Мұның адам қызығатын қасиеті көп.

Бәрі ретімен ...

Кактустың бірінші қасиеті – пішінінің құбылмалылығы және түрінің көптігі. Біз көріп жүрген оранжереяларда өсетін кактустардың өзінен-ақ мың құбылған түрлері мен формаларын кездестіруге болады.

Ұшы – қиыры жоқ түстік Американың бұл сахарасының қай түпкіріне барсаңыз да денесін тік көтеріп, маңғаздана өсіп тұрған өсімдікті көруге болады. Бұл – цереус деген кактус. Биіктігі жиырма метрге жететін бұл кактустың жерді жарып шыққан етжеңді бөлігі орта шеніне барып, қайтадан жуандап кетеді.

Америкалық селекционер Лютер Бербанк бес жылдан аса уақытын жер жүзінен кактустың көптеген түрлерін жинап, оның биологиясын зерттеп, будандастырудың әдісін ойлап табуға жіберді. Бірақ, ғалымды жұмыстың ең қиыны алда күтіп тұр еді. Бұл жөнінде ғалым кейін былай деп естелік жазды: « Бес жылдан аса уақыт бойы кактустың гүлдеу кезін зерттеу мен үшін күні – түні бірдей азап болды. Әлденеше рет енді кактуспен жұмыс істемеспін деп шын жүрегіммен бекіндім. Сол кездегі өз жағдайымды еске түсіріп отырып, сол жұмыстарды қайталап шық десе, ешуақытта келісім бермес едім ».

Ғалым он мыңнан аса кактус өсімдігімен күні – түні жұмыс істеді. Толып жатқан қиындықтар ғалымның жолын кес – кестей берді. Мысалға, кактустың тозаңдануы күннің ең ыстық кезінде жүреді және бұл кезде гүлі

15 минут қана ашық тұрады. Ал, аптап ыстықта әр гүлдің ашылуын аңдып тұрып, мыңдаған гүлді қолдан тозаңдандыру керек. Бұл ғалымның қанша уақытын алып, жүйкесін жұқартқандығы өзінен - өзі түсінікті.

Ақырында, ол тікенексіз кактустың өте құнды буданын алды.

Кактустың мал азығындық сапасына келсек, ол өте жұғымды. Шөл, шөлейт жерде бұл қуатты кактуспен тамақтанған ірі қара, шошқа және үй құстары ешуақытта су іздемейді, тез салмақ қосады. Себебі суы да, жемі де сол кактустың ішінде. Бір қызығы, бұл жануарлардың еті де айрықша дәмді болады. Бербанк қарусыздандырған Опунция кактусы басқа туыстарына қарағанда, өте ыстық кезде отырғызғанды жақсы көреді. Мамыр мен қыркүйек айларының арасындағы ыстық және құрғақ кезде олар жақсы көбейе алады.

Өсімдіктің денесінің қай жері болсын: мейлі ол сабағының бір түйірі, гүлі, тіпті жетілмеген жемісінің өзі жаңа жерге отырғызылғанда өсіп кете береді. Бербанк тіпті оның еденде, асханадағы пештің үстінде де өсіп тұра бергенін байқаған.

Опунцияның бір түйірін салқындау кезде отырғызу керек болса, оны аздап кептіріп алса болды өсе береді. Ал отырғызатын өсімдікті қалай болса солай: қырынан да, жатқызып та, тігінен де, көлденеңінен де отырғыза беруге болады.

Бұл кезде топырақтың тереңдік тәртібін сақтаудың түкке қжеті жоқ. Кактустан жиналатын жасыл массаның жартысына жуығы – оның жемісі.

Ашық қызыл түсті өте әдемі жемісінің дәмі инжирдің дәміне ұқсайды. Оны жастай да, консервілеп те жейді, джем және варенье жасайды.

Алынатын пигменті құнды бояу заты ретінде кондитер және балмұздақ өндірісінде пайдаланылады.

Опунцияның денесінде тіршілік ететін өте кішкентай кошенин құрты да іске жарайды. Оларды кептіріп қойса, ашық қызыл түсті, өте құнды – кармин деген бояу зат алуға табылмайтын шикізат көрінеді

Міне, тентек кактустың сыры осындай екен.

    1. Кактусты күту әдістері.

Ине түктес кірпіге ұқсап қалған кактустар өзінің әсем гүлдерімен әрі төзімділігімен ерекшеленеді. Кактустар әр түрлілігімен адамды өзіне баурап тұрады. Бұл өсімдіктерге аса күтім қажет. Формасының түзу сақталуы үшін жарық көп түспей, топырағы қалыпты температурада тұрғаны жөн.

Кактустар күздің соңына дейін жүйелі түрде өседі. Қысқа қарай оларды жақсылап суарып көлеңке жерге қояды, сөйткенде ерте көктеммен бірге көктейді. Қыс бойы өсімдік көлеңкеде тұрғандықтан оны күн сәулесі көп түсетін жарық жерге бірден қоймау керек. Кактустарды сәуірдің басына дейін сусыз ұстаған жөн. Ара – тұра дымқылдандырып отырғанымыз болмаса, наурыздың ортасынан бастап қана жақсылап бір суарып алып, содан соң бірте – бірте суды азайту керек. Бұл өсімдікті тұқым сеуіп отырғызуға да болады

Негізінде кактустарды ақпан мен наурыздың аралығында отырғызған жөн. Терең, кең ыдысқа отырғызу дұрыс емес, мұндай ыдыстан ыстық леп шығып, буланып тұрады. Қыш ыдыстан гөрі пластик ыдысқа отырғызған жөн.

ҚОРЫТЫНДЫ « БӨЛМЕ ЖӘНЕ ОРАНЖЕРЕЯ ӨСІМДІГІ РЕТІНДЕ

ҚҰРМЕТКЕ ИЕ БОЛҒАН ӨСІМДІК »

Бөлмеде өсетін өсімдіктерге жақсы күтім керек. Бұларды дұрыс суару, топырағын қопсыту, таза ұстау, үстеп қоректендіру, берілетін тыңайтқыштардың мөлшерін, түрлерін білу - әрбір оқушының міндеті.

Жасыл өсімдіктер және солар арқылы табиғаттағы зат алмасуы жер бетінде тіршіліктің болуын қамтамасыз етеді. Жасыл өсімдіксіз жерде тіршіліктің болуы да мүмкін емес. Қазақта « Бір тал сындырсаң, он тал ек » деген өсиет бар.

Қоршаған ортаны ластанудан сақтау үшін техникалық құралдарды жетілдірумен бірге өсімдіктерді кеңінен пайдаланудың тиімді екені келтірілген мысалдардан айқын көрінеді. Өсімдіктердің адамға тигізер пайдасы сан алуан. Олар тамақ та, киім де, құрылыс материалы да, мал азығы да болып табылады.

Әсіресе, өсімдіктердің денсаулық сақтаудағы ролі ерекше, олар көптеген ауруларға дәрі ретінде пайдаланылады, сондықтан өсімдіктердің әрқайсысын бағалап, оларды қорғай білуіміз керек. Мысалы, кактус өсімдігіне тоқталсақ: мал азығы да, су да, джем және варенье де, табылмайтын шикізат та бола алады. Кактус қан тоқтатуға көмектеседі,

өйткені шырын кесілген қан тамырларын жабады. Кактус шырынын жараны тазарту үшін де пайдаланады.Өзіміз мекендейтін аймақты көгалдандыру арқылы өсімдік байлығын көбейтіп, өз денсаулығымызды сақтауға да үлес қосамыз. Кактусты компьютердің қасына қояды.Өйткені кактус электр қуатын өзіне тартып алып біздің денсаулығымызға зиян келтіруден қорғайды.Сондықтан әрбір мектеп оқушысы жасыл желектердің досы болуды өзінің адамгершілік борышы деп қарауы керек.

Сөзімнің соңында кактустың осыншама қызықты жайлары мен пайдасын білгеннен кейін сіздерді де кактусты жақсы көруге, оны күтіп баптауға шақырамын.

Қолданылған әдебиеттер

1.Әбілев Д.Өсімдіктер тіршілігінің кейбір сырлары «Мектеп»Алматы-1978

2.П.С. Массагетов «Өсімдік әлеміне саяхат».

3. С.Турдиев,Р:Седых,В.Эрихман Кактусы «Қайнар»Алма-Ата 1974

4. Шаңырақ үй-тұрмыс энциклопедиясы Алматы -1989

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Тақырыбы:

hello_html_6c183940.jpgКактус

гүлі

Орындаған:

сынып оқушысы.

Жетекшісі:

Бастауыш сынып мұғалімі,

Бірлік негізгі мектебі, Шал акын ауданы.

Қарағанды - 2010

Опунций кактусы

hello_html_m43f80d4.jpg

Опунцийдің жапырағы ұсақ 2-5 мм. Олар өте шырынды. Көктемде өте қысқа мерзімге пайда болады, одан кейін солып жерге түседі. Опунцийдің тұқымы ішінде өседі. Кактусты өте ертеден медицинада пайдаланады. Ол - ревматизм, жүрек ауруына, тері ауруына, қант ауруларына ем.

Мысалы: 100 г опунцияның құрамында 1 г - белок, 0,2 г - май, 22 г - көміртегі,

40 мг - кальций, 56 мг - фосфор, 0,6 мг - темір, 4 мг - натрий, 331 мг - калий,

130 МЕ - А витамині(каротин), 0,02 мг - тиамин (витамин Е), 0,06 мг- балық майы (витамин В 2), 0,7 мг - ниацин, 45 мг - аскорбин қышқылы.

Опунцияның каллорилығы - 84 килокаллорий. Кактус гүлдері өте әдемі,

ал кактустың өзі әр түрлі, әрі қызық. Көбінесе бұл өсімдікті үйде өсіреді.

Осы қызық өсімдік біздің үйімізде гүл ыдыстарына қатып қалған сияқты. Олар өте баяу өседі, сирек гүлдейді. Оларды тіпті суармай-ақ қоюға болады. Бұл жасыл дөңгелек тікенекшелер өмірге бейімсіз түр танытады. Бірақ осы сүйкімсіз өсімдіктер кенеттен, күтпеген жағдайда гүлдейді.

Нотокактус

hello_html_6c183940.jpg

Нотокактустың өне бойына бір мезетте бір немесе көп жұлдызға ұқсаған гүлдер шығады. Көп жылдық жаңғақ тәрізді дөңесқабырғалы кактусты бірнеше әдемі ашық, әрі нәзік гүлдер шығып әшекейлейді.

Олар жай өседі, 3-5 жылда ғана гүлдейді. Ашылған гүлдері 5 күнге

дейін немесе одан ұзақ тұрады.

Нотокактус жаз мезгілінде гүлдейді.

Селеноцереус кактусы

hello_html_f32a666.jpg

Ең ірі кактус - селеноцереус, оның ұзындығы - 24 см. Селеноцереус кактустардың ішінде ең әдемісі болғандықтан оны «Түн патшасы» деп те атайды. Оның ақ гүлдері түнде ашылып, күн шығысымен қайта жабылады. Оның хош иісі әтірге ұқсас. Кактустар баяу, жылына 2-3 см-ге өседі. Бұл кактустан жүрекке қажетті емдік дәрі жасалынады. Ол дәрі «Патшаның алтын емі» деп аталады. Кактустың емдік қасиеті жоғары.

Карезон кактусы

hello_html_m74d6a11a.jpg

Карезон кактусы қан тоқтатуға көмектеседі, өйткені шырын кесілген қан тамырларын жабады. Карезон кактусын қан тоқтатуға қолдану тәсілі: кактустың кішкене бөлігін таза пышақпен кесіп алып, оны жараның бетіне салып, қатты қысып тұрыңыз. Қан тоқтаған кезде кактусты жараның бетіне салып, жалпақ матамен қысып таңып тастаңыз. 2-3 сағаттан соң таңуды алып, жараны қайнаған сумен және сабынмен жуып тазартыңыз. Кактус шырынын жараны тазарту үшін де пайдаланады.

Опунция Мексиканың гербін әрлендіреді.

hello_html_m52c621ae.jpg

Лютер Бёрбанк

Американдық селекционер, бағбан

hello_html_6f537142.jpghello_html_m52ce7dff.jpg

Американдық селекционер Лютер Бербанк бес жылдан аса уақытын жер жүзінен кактустың көптеген түрлерін жинап, оның биологиясын зерттеп, будандастырудың әдісін ойлап табуға жіберді. Бірақ, ғалымды жұмыстың ең қиыны алда күтіп тұр еді. Бұл жөнінде ғалым кейін былай деп естелік жазды:«Бес жылдан аса уақыт бойы кактустың гүлдеу кезін зерттеу мен үшін күні-түні бірдей азап болды. Әлденеше рет енді кактуспен жұмыс істемеспін деп шын жүрегіммен бекіндім. Сол кездегі өз жағдайымды еске түсіріп отырып, сол жұмыстарды қайталап шық десе, ешуақытта келісім бермес едім».

Ғалым он мыңнан аса кактус өсімдігімен күні-түні жұмыс істеді. Толып жатқан қиындықтар ғалымның жолын кес-кестей берді. Мысалға, кактустың тозаңдануы күннің ең ыстық кезінде жүреді және бұл кезде гүлі 15 минут қана ашық тұрады. Ал, аптап ыстықта әр гүлдің ашылуын аңдып тұрып, мыңдаған гүлді қолдан тозаңдандыру керек. Бұл ғалымның қанша уақытын алып, жүйкесін жұқартқандығы өзінен-өзі түсінікті.

Ақырында, ол тікенексіз кактустың өте құнды буданын алды.

hello_html_39d4363.gifhello_html_55f9b329.jpg

hello_html_m37d0fe63.gif

Биология пәнінің мұғалімі Кушкенова Айгүлден мәліметтер жинау үстінде

hello_html_4865f40a.jpg

Интернет жүйесінен мағлұматтар іздестіруде

hello_html_medf508f.jpg

Мектептің шағын гүлбағындағы кактустерді бақылау

hello_html_m7e6de280.jpg

Кhello_html_7ff1cc06.jpgактусты күту

hello_html_5abb5812.jpg

Кактустың емдік қасиеті

hello_html_403c98b1.jpg

Мектеп гүлбағына саяхат

Жас зерттеуші Ахметова Акжан

ғылыми жетекшісі Кузембаева Ляззатпен бірге

hello_html_23126375.jpg

infourok.ru

Алое, кактус гүлінің ерекшелігі

Күні:_____________2016ж

Жасы:____________

Сабақтың тақырыбы: Алое, кактус гүлінің ерекшелігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың  оқу  қабілеттерін, білім-білік, таным  ерекшеліктерін  арттыру.

Дамытушылық: Дүние танымын дамыту.
Тәрбиелік: Экологиялық  сауаттылыққа  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: алое, кактус гүлдері, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
Ә) Оқушылардың сабаққа қажетті құрал - жабдықтарын тексеру;
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аударту;

Жаңа сабақ

Лалагүлділер тұқымдасы алоэның сипаттамасы.

Алоэ- емдік қасиеттерімен бөлме өсімдіктерінің патшайымы атанған өсімдік. Отаны-Оңтүстік Африка. Таралуы: Африка мен Индияның жартылай шөл далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Алоэ-асфоделовтар тұқымдасының суккулентті өсімдіктер туысы, 400 түрі бар. Олар мәңгі жасыл немесе алабажақ, шөптесін, бұта, ағаштектес көпжылдық өсімдік.. Суккулентті, жапырағының жиектері тегіс немесе ара тіст. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да, ол өсімдікті солып қалудан сақтайды.. Көп жерде бөлме өсімдігі, яғни әсемдік ретінде өсіріледі. Көбеюі вегетативтік жолмен. Ресейде мәдени өсімдік ретінде 40-жылдарда орын тапты. Гүлдеу уақыты: қысқы айлар, әр жылда емес. Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жинау уақыты: жыл бойы. Қытайда веналық ауруларды емдеуге қолданады. Алоэ суық тигенді емдейді. Мысалы: тұмау ауруына, жара мен кесілген жерлерді жазады. Мидың үлкен ми сыңарларындағы тітіркену мен тежегішті реттейді. Жұмыс істеу қабілетін жоғарылатып, физикалық ауырлықты жеңеді. Ағзаның сақтандыру функциясын ретке келтіреді.

Алоэның қарсы көрсетілімдері

-өт жолдары аурулары

- бүйрек, бауыр аурулары

- гипертония

-гемморой

-жүктілік мерзімі

Алоэның пайдасы

Өкпе туберкулезі

Иммунитет

Тәбет ашады Ангина

Күйік

Жөтел

Жараларды жазу Суық тию

Ағзаның жалпы жағдайын жақсарту Рак жасушаларының өсуіне тосқауыл

жасайды

Алоэның қолданылуы

Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады. Химиялық медицинада алоэның шырыны жараны таңуға, әр түрлі тері ауруларына пайдаланады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады. Алоэның су тұнбасы тәбетті толықтай ашады. Академик В.П.Филатов алоэның жапырағын түнде яғни 4-8 рет ұстауы ескертеді, себебі осы уақытта алоэ жапырағында негізгі заттар жинақталады. Олар ұлпа жұмысын жақсартады. Бұл заттар биогенді стимуляторлар деп аталады. Осы әдіс көптеген жазылмас аурудың алдын алуға көмектеседі. Тері сыртындағы іріңді жара, күйік, қағынған жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады. Көздің де әр түрлі жұқпалы аурулары үшін қолданылады. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық жарасында., асқазан ауруларына қарсы қолданады. Кейбір шырындарға қосады. Алоэның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны Египетте, кейін Индияда, Италия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б. сырқат үшін, бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді.

Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы

1. Иммунитет көтеруде: 500 г жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3мезгіл бір ай ішу керек.

2. Тісті ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэдан 1 г ұнтақтап, оны тіске басады.

3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэден лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.

4. Демікпеге жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.

Сондай-ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына, ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.

Кактустың түрлері, оған сипаттама

          Толық әрі инелі кактус басқа өсімдікке ұқсамайды. Америка    ашылғаннан кейін, осы жабайы өсімдікті Еуропадан әкеле бастады, Петербургте бірінші ботаникалық бақ ашылды.

          Бұл инелі жабайы өсімдіктер құрғақ, ашық, суы аз жерде өмір сүреді. Кактустың инелері жерге түссе, сол жерге кактус өсіп шығады. Оның бойы толған су. Бұл өсімдік суды бойында ұстайды. Өсімдік тамырлары арқылы маңайындағы суды өзіне тартып алады. Жерге түскенде жылдам тамырланады. Кактус ауаға ылғал жібермес үшін жуан қабықпен қапталған. Ең үлкен кактустың іші 2000 литр суға толы болады. Жануарлар  үшін жақсы азық болып табылады.

         Инелері көлемі жағынан әр түрлі болады: дөңгелек, түзу, жалпақ, имек әрі жұмсақ . Олардың ұзындығы 1 мм-ден 25 см-ге дейін. Инелердің қорғанудан басқа тағы бір белгісі-ауадағы ылғалды жұту.

                 Кактустың мынадай түрлері бар:

1.Перескии кактусы

2. Опунций кактусы

3. Нотокактус

4. Дөңгелек қабырғалы кактус

5. Алып карнегия кактусы

6. Көпқабырғалы кактус

7. Селеноцерус кактусы

8. Карезон кактусы

Кактусты күту әдістері.

     Ине түктес кірпіге ұқсап қалған кактустар өзінің әсем гүлдерімен әрі төзімділігімен ерекшеленеді. Кактустар әр түрлілігімен адамды өзіне баурап тұрады. Бұл өсімдіктерге аса күтім қажет. Формасының түзу сақталуы үшін жарық көп түспей, топырағы қалыпты температурада тұрғаны жөн.

     Кактустар күздің соңына дейін жүйелі түрде өседі. Қысқа қарай оларды жақсылап суарып көлеңке жерге қояды, сөйткенде ерте көктеммен бірге көктейді. Қыс бойы өсімдік көлеңкеде тұрғандықтан оны күн сәулесі көп түсетін жарық жерге бірден қоймау керек. Кактустарды сәуірдің басына дейін сусыз ұстаған жөн. Ара – тұра дымқылдандырып отырғанымыз болмаса, наурыздың ортасынан бастап қана жақсылап бір суарып алып, содан соң бірте – бірте суды азайту керек. Бұл өсімдікті тұқым сеуіп отырғызуға да болады

     Негізінде кактустарды ақпан мен наурыздың аралығында отырғызған жөн. Терең, кең ыдысқа отырғызу дұрыс емес, мұндай ыдыстан ыстық леп шығып, буланып тұрады. Қыш ыдыстан гөрі пластик ыдысқа отырғызған жөн.

Қорытынды: Бөлмеде өсетін өсімдіктерге жақсы күтім керек. Бұларды дұрыс суару, топырағын қопсыту, таза ұстау, үстеп қоректендіру, берілетін тыңайтқыштардың мөлшерін, түрлерін білу - әрбір оқушының міндеті.

     Жасыл өсімдіктер және солар арқылы табиғаттағы зат алмасуы жер бетінде тіршіліктің болуын қамтамасыз етеді. Жасыл өсімдіксіз жерде тіршіліктің болуы да мүмкін емес. Қазақта « Бір тал сындырсаң, он тал ек » деген өсиет бар.

     Қоршаған ортаны ластанудан сақтау үшін техникалық құралдарды жетілдірумен бірге өсімдіктерді кеңінен пайдаланудың тиімді екені келтірілген мысалдардан айқын көрінеді. Өсімдіктердің адамға тигізер пайдасы сан алуан. Олар тамақ та, киім де, құрылыс материалы да, мал азығы да болып табылады.

Тексерілді:_____________

infourok.ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *